Date of publication: 10.11.2016 19:52
Date of changing: 26.04.2018 13:36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

         4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

 

С-R-4 санаты үшін:жоғары,

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.
         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
         жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-5

87 446

112 430

C-R-4

76 619

99 106

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Аудит   басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5,               1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Методикалық нұсқауларға сәйкес, бақылаушы-экономикалық жұмыстардың жағдайын уақытылы және сапалы тексерулерді ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; салық органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен жіберілген қателерге шолу жасау және оларды аумақтық салық басқармаларының назарына жеткізу, салық заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жазаға тартылуын қадағалау. Кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулерді жүргізу және уақытылы орындалуын қадағалау; ҚР ҚМ МКК  және басқа мемлекеттік органдарының тексеру актісі бойынша мәліметтер және есептіліктер ұсыну; өндіріп алуды енгізу есептілігі, әкімшілік материалдарды тапсыру, жеке шоттарға тарату; Келісім шарттарды жарамсыз деп тану бойынша материалдарды сот органдарына жолдау барысын дайындау; салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау; еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім – құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика),  білім (құқық және экономика негіздері, информатика).

 

2. Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы     (С-R-4, 1 бірлік уақытша (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңінде 10 желтоқсан 2018ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

3. Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы                (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

4.Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (С-R-4,             1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін түсімін қамтамасыз ету, болжамнан айтарлықтай артық ауытқуының себебін анықтау, сонымен қатар берешек және артық төлемдердің құралуын, көбеюін және азаюын бақылау, камералдық бақылау жүргізу, 2-Н есебі басқаруының мәліметі  бойынша белгіленген мерзімдерін құрау; өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуі туралы жиынтық ақпаратын жасау, СТ және СО АЖ бағдарламасын  жұмысын қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың алымдары және басқа да салықтық төлемдері бойынша күтілетін түсімдері туралы мәлімет жасау; уәкілетті органдарымен берілген мәліметтерін зерттеу негізінде жеке тұлғалардың салықтық міндеттерінің орындалуына бақылау жүргізу; салықтық міндеттердің мерзімінде және ҚР Салық кодексінде қарастырылған жағдайларда орындалуы бойынша салық төлеушіге хабарлама тапсыру; салық төлеушілерді ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

        

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.     уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.     тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

 

Шағым жасау тәртiбi:

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____