Date of publication: 04.04.2017 16:26
Date of changing: 26.04.2018 13:29

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

         С-О-6 санаты үшін:     

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-5 санаты үшін:     

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

79 954

101 604

C-R-5

64 960

88 279

 

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, МКД ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8(7292)301211, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қабылдау, жұмысқа орналастыру, жұмыстан босату, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметтен өткеруге байланысты басшылықтың шешімін ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қызметкерлердің жеке істерін жасақтау. Мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайына, мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді сақтауына қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Конкурстық аттестаттау, тәртіптік комиссияның және жұмыс өтілін белгілеу бойынша комиссияның құжаттарын даярлау және хаттамаларын жасақтау; штаттық кестеге сәйкес «Е.Минфин» АЖ-не қызметкерлер туралы мәліметтерді және ағымдағы өзгерістерді енгізу.   

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), білім (қазақ тілі мен әдебиеті, құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану; құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент, маркетинг), білім беру (мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі).

 

2. «Темір-Баба» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманына (С-О-6, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) -(мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике), гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).    

 

3. «Тәжен» кеден бекетінің жетекші маманына С-О-6, 3 бірлік, оның ішінде  (2 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  24 тамыз 2018 жылға дейін және 10 маусым 2018 жылға дейін ).

Функционалдық міндеттері:  кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; қызмет қорытындысы бойынша есептер құру; тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тексеру, автокөлік құралдарын тексеріп қарау; Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығының электронды базасына транзиттік декларациялар (ТД, ХЖТ) бойынша мәліметтер қалыптастыру және енгізу және оларды Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығынан есептен шығару; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, автоматтандандыру және басқару, машина жасау, металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), білім (құқық және экономика негіздері).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

 

4. «Тәжен» кеден бекетінің санитариялық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманына С-О-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  04 тамыз 2018 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике),  гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).

 

5. «Болашақ» кеден бекетінің жетекші маманына (С-О-6, 5 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

 

6. Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы (, С-R-5 , 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау. 2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау.  Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

7. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  15 шілде 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау.  2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

 Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

8. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Төлемдерді қабылдау және өңдеу, есептеу және жеке шоттардың есебін жүргізу орталығы» бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  20 қазан 2019 жылға дейін).       

Функционалдық міндеттері: Салық және бдюжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  29желтоқсан 2008 жылғы №622бекітілген  «Дербес шоттарды жургізу ережелері» сәйкес бекітілген бөлімше  бойыншабақылау жургізу. Басшы органдарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.Салық төлеушілердің арыздары бойынша  жеке тұлғалардың  есеп шоттарындағы төлемдерді тексеру. Жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтары бойынша есеп шоттарына түзету жасау. Өңделген жеке тұлғалардың анықтамалырын П-530- стандарты бойынша жасау. Азаматтардың жеке тұлғаларға салынатын 104102, 104302, 104402 анықталмаған төлемдерді жіктемелері бойынша өңдеу. Қазынашылық департаментіне күнделікті алғашқы және өңделген құжаттарын жеткізу. Салық төлеушілердің салық және басқа да міндетті төлемдерді туралы анықтамаларды тіркеу және тігу журналын жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

9. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ішкі жұмыс бөлімінің жетекші маманы (С-R-5, 1 бірлік).      

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасында түскен кіріс құжаттарын тіркеу жұмысын ұйымдастыру,шығыс құжаттарын тіркеу, АЖ «Құжатайналымы» жұргізу талаптарын сақтау,    тоқсансайынғы 1-ОЛ есебін  жасақтап облыстық департаментке тапсыру,  ЕУОЛ АЖ бағдарламасы бойынша айсайынғы ақпаратты облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсыру, басшы және мұрағатшымен келісе отырып Мемлекеттік кірістер басқармасының іс номенклатурасын жасақтау. Ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, салық заңнамасына сәйкес салықтық құпиясын сақтау, Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен жоғары органдардың тапсырмаларын уақытылы орындау.Іс жұргізу бойынша Ереженің сақталуына бақылау жасау.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
         1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

         3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

         6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).    

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, МКД ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.