Date of publication: 07.07.2015 18:33
Date of changing: 10.07.2015 17:54

Электронды шот-фактураларды жүргізу туралы

 

2014 ж. 1 шілдесінен бастап Қазақстанда шот-фактураларды электронды түрде жүргізу мүмкідігі пайда болды (әрі қарай – ЭШФ). ЭШФ жазып беру ЭШФ ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүзеге асырылады және оны пайдалану тегін, әкімшілендіру органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазыналық комитеті болып табылады.

ЭШФ жүйесінде жұмыс жасау Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе мемлекеттік кірістер органынан алынған электронды кілтпен (электронды сертификат) арнайы сайтқа теңшеу арқылы жүзеге асырылады, арнайы бағдарламаларды компьютерге орнату қажет емес.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған және Салық кодексының 263 бабының 1 тармағы 1-2 тармақшасына сәйкес шот-фактуралады электронды түрде жүргізу тәртібі бойынша келесілер көрсетілген:

  • Шот-фактура нысаны;
  • Шот-фактуралады жазып беру, жолдау, қабылдау, тіркеу, беру және алу тәртібі;
  • Шот-фактуралады куәландыру тәртібі;
  • Қосымша және түзетілген шот-фактураларды алуын растау ерекшеліктері;
  • Шот-фактураларды сақтау тәртібі;
  • Бюджет орындалу бойынша орталық өкілетті органдар мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл тәртібі;

Сонымен қатар, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берілмейді және айналым жасалған күннен кейiнгi қағаз жүзінде - 7 күнтізбелік күннен, электронды түрде - 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазып берiледi.

Қазақстан салықтөлеушілерінің ЭШФ және басқа да құжаттардың электронды түрде алмасуын игеруі қағаз айналымының азаюына, құжаттардың бүлінуіне жол бермей жеткізу, олардың алмасуында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құпиялықты сақтау, құжаттарды іздеуде жылдамдық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету, кез келген есептеу бағдарламасымен үйлесімін табуы.      

ЭШФ енгізу тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушіге ақпаратты өңдеуге кететін уақыт пен шығындардың аз жұмсалуына (оператордың қызмет шығындары, қағаз, принтер, қаптама, пошта маркалары, әр тоқсан сайын шот-фактураларды толтырып тапсыруға және оларды салық органдарына ұсынуға кеткен уақыт) мүмкіндік береді.     

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен әзірленген «Шот-фактуралардың электронды түрде құжатайналымын бекіту туралы ережелерінде» шот-фактуралады жазып беру, жолдау, қабылдау, тіркеу, беру және қабылдау, өңдеу, куәландыру және түзетілген, қосымша шот-фактураларды алуын растау ерекшеліктері, ЭШФ қайтарып алу, сақтау туралы сипатталады.

Сонымен бірге ЭШФ жүйесін енгізу өзара қарым-қатынастардың анық болуымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесінде әртүрлі құралдарды пайдалануға мүмкіндік туғызады, өз кезегінде адал салықтөлеушілерге аталған жүйенің қолайлы әдістердің бірі болып табылатын,  салық төлеуден бас тартушыларға қиындықтар туғызатыны анық. Осыған байланысты ЭШФ жүйесін қолдануға тек мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, сонымен қатар салықтөлеушілер де қызықшылық танытулары керек, себебі тәуекелдерді бағалау арқылы өзге қарым-қатынастарының болуына жол береді. 

 

Манғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік  кірістер департаменті