Date of publication: 09.07.2015 12:02
Date of changing: 13.07.2015 22:40

Арнайы төлем каточкасы арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған бұл қондырғыны пайдалану үшін белгілі-бір қызмет түрлер тізімі 2014 жылы 29 қазанда № 1147 Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген.

Қызмет түрлері атауы

1

Автокөліктер мен мотоциклдерді бөлшектеп және көтермелеп сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

2

Бөлшектеп және көтерме сауда

3

Қонақ үйлер қызметін ұсыну

4

Мейрамхана қызметін ұсыну, тамақтандыруды ұйымдастыру және сусындарды ұсыну қызметтері

5

Жол жүру құжаттары мен темір жол және әуе жүктері түбіртектерін сату

6

Жүктерді өңдеу, қоймаға жеткізу және сақтау қызметтері, басқа да қосымша жүк тасымалдау қызметтері

7

Туризм саласындағы қызметтерді ұсынатын туроператорлар, турагенттер мен басқа да ұйымдардың қызметтері

8

Сақтандыру саласындағы қызметтер

9

Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер

10

Білім беру саласындағы қызметтер

11

Кинофильмдерді, телевизиялық бағдарламаларды көрсету, тарату қызметтері

12

Фитнес –спорттық, диско клуб қызметтері

13

Бәс тігу, құмар ойындарды ұйымдастыру қызметтері

14

Бильярд және боулинг бойынша қызметтерді ұсыну

Төлем карточкалары арқылы төлем қабылдайтын құрылғыларды пайдалану ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін көтерме және бөлшектеп сатуды киосктер, контейнерлер және палаткалар арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қарастырылмаған.