Date of publication: 13.07.2015 17:46
Date of changing: 13.07.2015 17:48

Салық кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Мыналар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;

2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген  мөлшері шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

3) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;

4) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы         22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр  аралығында  кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған  адамдар.

1) - 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;

5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.

  

Салық салу объектісі

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі - пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

 

Салық базасы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К функц х К айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қ б - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,

S - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,

К физ - физикалық тозу коэффициенті,

К функц - функционалдық тозу коэффициенті,

К айм - аймаққа бөлу коэффициенті,

К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

 

Р/с

Елді мекеннің санаты

Базалық құн,

теңгемен

 

Қалалар

 

1

Алматы

60 000

2

Астана

60 000

3

Ақтау

36 000

4

Ақтөбе

36 000

5

Атырау

36 000

6

Қарағанды

36 000

7

Қызылорда

36 000

8

Көкшетау

36 000

9

Қостанай

36 000

10

Павлодар

36 000

11

Петропавл

36 000

12

Талдықорған

36 000

13

Тараз

36 000

14

Орал

36 000

15

Өскемен

36 000

16

Шымкент

36 000

17

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

18

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

19

Кенттер

4 200

20

Ауылдар

2 700

 

 

Салық мөлшерлемелері

Салық базасы Салық кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 

1.

 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары

4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы

3.

4 000 000 теңгеден жоғары

6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

4.

6 000 000 теңгеден жоғары

8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

5.

8 000 000 теңгеден жоғары

10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

10 000 000 теңгеден жоғары

12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

7.

12 000 000 теңгеден жоғары

14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

8.

14 000 000 теңгеден жоғары

16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

9.

16 000 000 теңгеден жоғары

18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

10.

18 000 000 теңгеден жоғары

20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

11.

20 000 000 теңгеден жоғары

75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

12.

75 000 000 теңгеден жоғары

100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

 

  

Салық кезеңі

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі Салық кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді