Date of publication: 15.06.2018 17:05
Date of changing: 15.06.2018 17:11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)      А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4)      өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5)      мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6)      жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

C-R-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)      А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)      мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)      жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;      

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

      С-О-3

123257

166564

C-R-2

127421

172393

 

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-13-10 /1184/1085/, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының  басшысы  (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық етеді, басқарманың жұмысын ұйымдастырады, басқармаға жүктелген міндеттердің уақтылы, сапалы орындалуына және жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. Басқарма  қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды, басқарма қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі және өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды. Басқарма жұмыс жоспарын жасайды, оны бекітуге басшылыққа ұсынады. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті тапсырмаларының, ақпараттарының, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының сауалдарының және салық төлеушілердің жүгіністерінің уақтылы және сапалы орындалысына  бақылау жасайды. Басқарма жұмысшыларының еңбек және қызметтік атқарушылық тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқармаларында және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық қызметтерінің сапалы және мемлекеттік қызметтердің стандарты мен регламенттеріне сәйкес көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар, салықтық қызмет көрсетулеріне қашықтан бақылауды іске асырады. Департаменттің ақпараттарды қабылдау мен өңдеу орталықтарының жұмысын Мемлекеттік кірістер органдарының Ақпараттарды қабылдау мен өңдеу орталықтары Ережесіне сәйкес, келтіру бойынша жұмыс жүргізеді. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Ақпараттарды қабылдау мен өңдеу орталықтарында салық қызметтерінің сапалы және көрсетілуі бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізеді. Көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасына салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау Ережесінде белгіленген  барлық  әдістері арқылы бақылау жургізеді. Ақпаратты қабылдау мен өңдеу орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру әрі оқыту сипатын бақылау бойынша ұсыныс жасау. Департамент құрылымдық бөлімшелеріне Басқарма құзіреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша практикалық, әдіснамалық көмек көрсету. Басқарма құзіреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жасалған қателіктерді көрсетумен шолу хаттарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

2.Пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асыру; Басқарма бөліміне жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;   Басқарма бөлімінің қызметі мен қызмет етуіне; өз уәкілетілігінде ұсынылған құқықтар шегінде және де лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметін жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды, мемлекеттік және басқа заңмен қорғалатын құпияларды сақтауға; өз қарамағындағы қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі,  жұмысты жүргізуде жауапкершілік деңгейін анықтауға; Басқарма бөлімінің құзыреті шегінде камералдық кедендік тексерістерді жүргізу бойынша, дайындық жүргізуге; Посткедендік бақылауды жүзеге асыру бойынша, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға;мемлекеттік органдар мен меншік түрінен тәуелсіз ұйымдарда  Басқарма мүддесін білдіреді, сонымен қатар Басқармаға жүктелген міндеттерді атқаруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді бекітілген тәртіпте лауазымды тұлғалар мен азаматтардан алуға; Басқарманың құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының субъектілері, мемлекеттік билік органдарымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен өзара әрекет етуді ұйымдастыруға; басшының келісімімен құқық қорғау органдары мен қадағалаушы органдардың  мамандары мен сарапшыларын көмек көрсетуге тартуға;  басшының келісімімен тексеруді жүзеге асыруға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды  тұлғаларын тартуға; Басқарма бөлімінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес, нақты бір ұйымның сыртқы экономикалық, қаржы және өзге қызметін тексеру туралы шешім қабылдауға; Басқарманың лауазымды тұлғаларын  тәртіптік жазаға тарту немесе мадақтауға ұсыным енгізуге;  кеден ісі саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты мерзімінде анықтау бойынша Басқарма бөлімінің лауазымды тұлғаларының қызметін үйлестіруге;  Нормативтік-құқықтық актілерді құрастыруға қатысуға және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

3. «Қара-Шекпен» кеден бекетінің басшысы (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің жұмысына жалпы басшылық жасау және қызметін ұйымдастыру; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тасымалданатын жүктерді бақылау және ресімдеу бойынша технологиялық кестелерді жасау; кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау; Кеден бекеті жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты болдырмауға қатысты бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізеді; Өз құзыры шегінде кеден ісі сұрақтары бойынша сыртқы экономикалық қызметке және өзге де қызметке қатысушыларға, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға кеңес жүргізеді; кеден бекетінің құзырына енетін басқа да міндеттерді орындау.  

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

4. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары (С-R-2, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өзі басқаратын бөлімдерінің қызметін жалпы басқару және үйлестіру, осы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметін өзінің құзырына сай биліктің мемлекеттік органдарына және өзге ұйымдар алдында таныту, мемлекеттік органдармен бірлесе әрекеттесуді үйлестіру, салықтық емес түсімдердің түсуін көздейтін салық заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау және салық органдарында тіркелген салық төлеушілердің бекітілген тәртіптегі мониторингін жүргізу, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілерді даярлау, құқықтық сараптау және салық органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайтын даулардың материалдары бойынша құқықтық қорытындыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, Мемлекеттік кірістер басқармасының ҚР фискалды саясатын қалыптастыру жұмысына және осы саясатты жүзеге асыруға қатысу. Экономикалық теорияны, қаржылық талдау, мемлекеттік басқарудың теориясын, ҚР жалпы экономикалық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын білу. Ұжымда жұмыс жасай білуі, бірыңғай корпоративті рухты қалыптастыра білу қабілетінің болуы, мінезінің ашықтығы, тапсырманы орындау қабілеттілігі, ширақ қимылдап, талапшыл болуы. Жоғары моральдық, әдептілік және іскерлік қасиеттерінің болуы.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн

мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____