Date of publication: 10.09.2015 16:25
Date of changing: 10.09.2015 16:26

Құрметті Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауар импортын жүзеге асырушы салық төлеушілер!
2014жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан тауар импорты кезінде, акциздік маркалармен таңбалануға жататын (есептік-бақылау маркаларымен, белгілермен) тауар бөлігінде, егер осы мүше мемлекеттің заңнамасымен басқаша белгіленбесе, жанама салықтар аумағына тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органдарымен өндіріледі.
Қырғыз Республикасының 2014жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қосылу мен Келісім 2015 жылдың 12 тамызында күшіне енді.
Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенін растайтын құжаттар туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етеді. Өтінішке әкелуді және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын құжаттар (жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесі, ілеспе жүкқұжат, шарттар (келісімшарт), шот-фактуралар және басқалар) тіркеледі.
Декларация қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық түрде немесе электрондық түрде Қырғыз Республикасының аумағынан тауар импорттаушы тұлғалармен, тауарлар ҚҚС-нан босатылумен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген өзге түрдегі төлеммен, және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке салық төлеуші өзгертулермен толықтырулар енгізген жағдайда және есепке алынғанын бір ай өткеннен соң импортталған тауарлардың бағасының ұлғаю бағытына өзгертуде табыс етіледі.

Құрметті Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауар экспортын жүзеге асырушы салық төлеушілер!
2014 жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге сәйкес тауармен өз ара саудада жанама салықтарды өндіру, ҚҚС нөлдік ставкасын қолдануды көздейтін және (немесе) тауар экспорты кезінде акцизді төлеуден босатылуды, сондай-ақ импорт кезінде оларға жанама салықтармен салық салу тағайындалған ел принципі бойынша жүзеге асырылады.
Қырғыз Республикасының 2014жылдың 29 мамырындағы Еваразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қосылу Келісімі 2015 жылдың 12 тамызында күшіне енді.
Еваразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағыда мүше мемлекеттердің аумағына тауар экспортын растайтын негізгі құжат тауарға декларация орнына (КД), тауарларды әкелу және жанама салықтарды төленгенін растайтын құжаттар туралы өтініш (импортер-контрагенттің жанама салықтарды төлегені туралы мүше мемлекеттің салық органының белгісімен) болып табылады.
Қырғыз Республикасының аумағына тауар экспорте кезінде ҚҚС төлеушісі салық органына ҚҚС бойынша декларациямен бір мезгілде тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін) импорттаған Қырғыз Республикасының салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі өтінішті (өтініштерді), сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.
Көрсетілген өтініш алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етіледі.
Көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының салық органына қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде тауарларды әкелуі және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің келіп түспеген жағдайда, ҚҚС төлеушісі 12 % мөлшерлемесінде салық төлеуге міндетті.