Date of publication: 06.12.2018 18:40
Date of changing: 06.12.2018 18:43

Ақтауда «Заман» сауда орталығында «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық науқан өтті.

Науқан барысында 500 – ден астам адам тегін заң кеңесін алды. Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Іс – шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің департаментімен ұйымдастырылды.

Іс – шараға 45 мемлекеттік органның өкілдері: Ұлттық бюро, прокуратура, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, полиция, сот органдары қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар қатысты, олар қала тұрғындарының өзекті сұрақтарына жауап берді.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті