Date of publication: 22.01.2019 13:11
Date of changing: 22.01.2019 13:16

Салық төлеушілердің назарына!

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірстер департаменті келесіні

хабарлайды, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 683, 687, 694 баптарына өзгерістер енгізілген:

  1. Салық кодексінің 683 баптың 2 тармақтың 2) тармақшасында арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негізінде – ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшері 3 528 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

оңайлатылған декларация негізінде – ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшері 24 038 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшері 144 184 еселенген айлық есептік көрсеткішке өзгертілді;

  1. 687 баптың 2 тармағында «2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде ең төмен жалақының 2,5 еселенген мөлшерін» сөздерін «23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген айлық есептік көрсеткіш»;
  2. 694 баптың 3 тармағының екінші бөлімінде «ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшері» сөздері «47 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері» сөздерімен өзгертілді.

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті