Date of publication: 10.04.2019 18:11
Date of changing: 10.04.2019 18:50

Салық төлеушілердің назарына!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары салықтық рақымшылық жүргізеді. Шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін негізгі борышты өтеу шартымен өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы есептен шығарылады.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару туралы барлық сұрақтар бойынша салық төлеушілерге Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің келесі байланыс деректері бойынша түсініктеме алуға болады:

Ақтау қаласы бойынша МКБ – 8(7292)30-13-10(ішкі номер.1115, 1160);

Жаңаөзен қаласы бойынша МКБ – 8(72934)71-279;

Түпқараған ауданы бойынша МКБ – 8(72938)22-455;

Бейнеу ауданы бойынша МКБ – 8(72932)21-903;

Қарақия ауданы бойынша МКБ – 8(72937)21-371;

Маңғыстау ауданы бойынша МКБ – 8(72931)21-186;

Мұнайлы ауданы бойынша МКБ – 8(7292)40-60-86;

Ақтау теңізпорты МКБ – 8(7292)30-18-50

 

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті