Date of publication: 05.04.2016 17:59
Date of changing: 05.04.2016 18:00

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 01.01.2017 жылдан бастап мүліктік табысқа салық салу бойынша қатысты келесіні хабарлайды.

2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен Салық кодексінің «Жеке табыс салығы»  6 бөлімінің құрылымы өзгерген.

Осылайша, жеке тұлғаның табысына нақты алынған табыс қосылады, соның ішінде өткізу кезіндегі құн өсімі. Бұл ретте, табысты салық салудан босату жағдайлары Салық кодексінің 156 бабында көзделген.

Осыған орай, жеке тұлға Салық кодексінің 156 бабымен ұштастырылған мүлік табысына салық салу тәртібі бойынша нормаларын қолдануы тиіс.

Салық кодексінің 180-1 және 180-2 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 01.01.2017 жылдан бастап  «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт» сөздері алып тасталынған.

Бұл ретте, Салық кодексінің 156 бабының 1 тармағының 51), 52), 53) тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады (бұдан әрі – жеке табыс салығы бойынша түзету):

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі.

Жазылғандар негізінде, Салық кодексінің 180-1 бабының 1 тармағының 1), 2), 7) тармақшаларында көрсетілген өткізу кезіндегі құн өсімінен табыс, берілген мүлік меншік құқығында бір жыл және одан да ұзақ уақыт болған жағдайда салық салудан босатылады. Бұл ретте, мұндай табыстың соммасы соның ішінде салық салудан босатылатын, 2017 жылғы міндеттемелері бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларациясында көрсетілуі тиіс.