Жарияланған күні: 19.11.2015 18:48
Өзгертілген күні: 19.11.2015 18:49

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) салық төлеушілердің  бөлек санаттарының салық салу тәртібі және арнаулы салық режимдерін (бұдан әрі – АСР) қолдану бөлігіне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мынаны назарларыңызға жеткізеді.

2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Салық салу бойынша Заң) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын салық төлеушілер үшін ұсынады:

1) 2016 жылдан бастап - мұндай табыстарды алатын заң тұлғаларға шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануы (СК-нің 428-бабы). Бұл ретте мұндай салық төлеушілер аталған режимді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға құқылы (Салық салу бойынша Заңның 11-бабы);

2) 2016 жылдан бастап - шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданған кезінде салық төлеушілердің табысына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарды енгізу (СК-нің 427-бабы).

2016 жылдан бастап - патент және оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің табыстарының мөлшерлерінайқындау тәртібі нақтыланған, сондай-ақ есептеу, тиісті салықтарды төлеу және олардың салық есептiлiгiн тапсыру(СК-нің 427-бабы).

Одан басқа, 2017 жылдан бастап ШБС үшін АСР қолданатын салық төлеушілер үшін төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарын төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру қажетігінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізілетін норма енгізіледі, яғни оларды ай сайын төлеу және олар бойынша тоқсан сайын салық есептiлiгiн тапсырумен (СК-нің 427, 438-баптары).

2017 жылдан бастап 2015 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылдаған «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – БД бойынша Заң) мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсташылығы мен шеберлігі жұмыстарын;

еденді жабу және қабырғаны қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;          фотосурет саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорт құрал-жабдықтарын прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) алуды;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) алуды;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет аясындағы білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;   басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;           коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;    шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;          музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын тізбесі белгіленген дара кәсiпкерлер қолдауға құқығы.

         Одан басқа, 2017 жылдан аталған Занымен салықтардың азайуына байланысты қосымша патент құнының есебін табыс еткен жағдайда, хронометраждық зерттеп тексерудің өткізу жояды.

Салық кодексінің 439-бабына (2016 жылдан бастап) БЖС үшін АСР қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарының жайлымдардың мөлшерлерінің кеңейту бөлігінде, Астана және Алматы қалаларының аумағында орналасқан жер учаскелерінің шектеу белгілеуге өзгерістер енгізілген (Салық салу бойынша Заң).

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап БД бойынша Заңымен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кіріс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 8000 еселенген мөлшеріне тең сомасынан аспайтын шаруа немесе фермер қожалығы үшін АСР қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) жеке табыс салығымен салу, мұндай ұлғайту сомасы түрінде қарастырылған (СК-нің 156-бабы).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы №373-V Заңында (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы туралы Заң) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне арналған АСР (бұдан әрі – АШТӨ арналған АСР) 70 % жеңілдікті Салық кодексінің 448-бабында белгіленген тиісті шарттар кезінде шаруа және фермер қожалықтарына қолдануға құқығы ұсынылған.

Осыған байланысты, уәкілетті орган белгілеген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде ұсынуы қажетінің АШТӨ арналған АСР қолдануға мұндай хабарламаны ақпарат жүйесінде іске асыруғанға дейін жаңадан құрылған шаруа немесе фермер қожалықтарының назарына жеткізу керек (аталған жұмысты өткізуге қаржыландыруды алу шаралары бойынша).

Бұл ретте 2016 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де АШТӨ арналған АСР қолдану үшiн Салық кодексінің 450-бабы 1-тармағына сәйкес 2015 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуы қажетекендігіне назар аударамыз.

Одан басқа, Ауыл кооперациясы туралы Занымен АШТӨарналған АСР қолданылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (бұрын – селолық тұтыну кооперативтері) мына қызмет түрлері белгіленген.

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

2) өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;

3) өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және  2)-тармақшаның көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

4) осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;

5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-3) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);

6) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-4) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Ауыл кооперациясы туралы Занымен құрылымдық бөлімшелері бар және сондай АСР қолданатын басқа да заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерімен АШТӨ арналған АСР қолдануға тийым салынатын қағидаларын жою бөлігін еөзгерістер енгізуді ұсынады.

Одан басқа, 2018 жылдан бастап БД бойынша Заңында:

1) тіркелген салықты жою (СК-нің 17-бөлімі), тиісінше, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебіне аталған салықты төлеушілерді қоюды жою (СК-нің 574-бабы);

2) корпоративтік табыс салығын төлеушілерге ойын бизнесi салығын төлеушiлерге жатқызу бойынша нормаларды енгізу(СК-нің 81-бабы);

3) ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемiн алып тастау(СК-нің 416-бабы);

4) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарын, бильярд үстелдерін пайдалану қызметтерін жүзеге асыру кезіндешағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануғақұқығы жоқ.