Жарияланған күні: 13.07.2015 14:29
Өзгертілген күні: 13.06.2019 19:04

Жаналинов Данияр Еренгалиевич

1975 жылы  туылған.

Еңбек өтілі:

1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын инженер – экономист мамандығы бойынша бітірді.

1998 жылдың 17 шілдесінен 1999 жылдың 8 сәуірін қоса Алматы қаласы ҚР ІІМ ІӘ 7552 әскери бөлімінде қызмет атқарды.

2000 жылдың 1 кыркүйегінен бастап 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша Салық комитеті және Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы.

2002 жылдың шілдесінен 2003 жылдың маусымы аралығында Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы.

2003 жылдың маусымынан 2008 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы.

2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың шілдесіне дейін осы Салық комитетінің бөлім бастығы болды.

2008 жылдың шілдесінен бастап Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылдың мамырынан 2012 жылғы наурыз айы аралығында ҚР Қаржы министірлігі Салық комитетінің салықтық қызмет көрсету басқармасының бастығы.

2012 жылдың наурызынан 2014 жылдың қазан аралығында ҚР Қаржы министірлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының бастығы.

2014 жылдың қазанынан 2014 жылдың қараша айына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2014 жылдың қарашасынан 2018 жылдың шілде айы аралығында ҚР ҚМ МКК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кipicтep департаментінің басшысы.

 

 

 

Әлжанов Нұрлан Сағынайұлы

         Әлжанов Нұрлан Сағынайұлы, 1968 жылғы 24 маусымда Ақтөбе облысы Новороссийк ауданы Сусановка ауылында дүниеге келген.

       1986 жылғы қарашадан 1988 жылғы қарашада Совет Әскерінің қызметінде әскери борышын өтеді. Еңбек ісін 1990 жылғы маусымнан Ақтөбе қаласының «Сервис» кіші кәсіпорын құрылыс бөлігінің басшысы қызметінен бастады.

       1993 жылғы сәуірден 2001 жылғы мамыр айы аралығында Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасында инспектор, бас инспектор болып қызмет атқарды.

         2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы қазан айы аралығында Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының бөлім бастығы, кеден бекетінің бастығы болып қызмет атқарды.

         2007 жылғы қарашадан 2009 жылғы мамырға дейін Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Алатау-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің басшылық қызметін атқарды. 

         Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің, «Алматы-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы, басшысы орынбасары қызметін атқарды.

         2011 жылғы маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

        2011 жылғы қазан айынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

        2012 жылғы сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

        2014 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

       2019 жылғы  30 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

        Үйленген. Екі қыз тәрбиелеп отыр.