Жарияланған күні: 31.08.2016 21:41
Өзгертілген күні: 26.04.2018 13:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

 

С-О-3 санаты үшін:

Жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапағабағдарлану,тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

С-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

С-О-5 санаты үшін:

         жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы:

         бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:         мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 

         мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;        ғылыми дәрежесінің болуы.

 

С-R-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Категория В зависимости от выслуги лет
min max
C-O-3 123257 166564
C-O-4 115762 148 242
C-O-5 87 446 112 430
C-R-4 76 619 99 106

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 А шағын аудан, 5 ғимарат, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-13-09, факс 8(7292)403659, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

1. «Бейнеу» кеден бекетінің басшысы (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің жұмысына жалпы басшылық және қызметін ұйымдастыру; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тасымалданатын жүктерді бақылау және ресімдеу бойынша технологиялық кестелерді жасау; кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау; кеден бекетінің құзырына енетін басқа да міндеттерді орындау. 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық  (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), гуманитарлық (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технология: (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), стандарттау және сертификация (сала бойынша), көлік техникасы және технологиялар, техникалық-құқықтық сараптама, құрылыс, машина жасау, металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша), көлік, көлік техникасы және технология жүктеме жұмыстарын механикаландыру, автокөлік шаруашылығы).

 

 

 

2. Талдау және тәуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына және қызметіне жалпы басшылық жасау; Департамент және Комитет басшылығының нұсқаулары мен жарлықтарын орындау бойынша  бөлімнің қызметіне бақылау жасау; бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша талдамалы және есептік ақпараттарды жинақтауды және қорытуды жүзеге асыру; тәуекел бейіндерін жасауға қатысу; кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдана отырып мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), гуманитарлық саласында (халықаралық қатынастар).

 

3. Талдау және тәуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 22.08.2017ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша талдамалы және есептік ақпараттарды жинақтауды және қорытуды жүзеге асыру; тәуекел бейіндерін жасау сұрақтары бойынша Департамент құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; тәуекел бейіндерін жасауға қатысу; кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдана отырып мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), білім саласында (қазақ тілі және әдебиеті, құқық және экономика негіздері), гуманитарлық саласында (халықаралық қатынастар).

 

4. Ұйымдастыру-қаржы   басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (С-О-5,1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшелердің Департамент басшылығының нұсқаулары мен жарлықтарын орындауына бақылау жасау; қызметтік іс-әрекетті дамыту сұрақтары бойынша отырыс өткізуді дайындау, селекторлық, жедел және кеңейтілген отырыстарға материалдар әзірлеу; Департамент құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелері бойынша мәліметтер жинақтау; қорытынды анықтамалар мен есептер дайындау. Атқарушылық тәртіп бойынша күнделікті ақпарат әзірлеу, құрылымдық бөлімшелерден мемлекеттік тілде келіп түскен құжаттардың дұрыстығы мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді енгізу бойынша республикалық, облыстық, қалалық семинарларға, кездесулерге, отырыстарға қатысу; Департамент құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық тұлғаларына мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар ұйымдастыру; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.         

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика, материально-техникалық жабдықтауды жоспарлау және экономика, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, халықаралық журналистика, журналистика, әлеуметтану, саясаттану, жобаларды басқару, психология), білім (қазақ тілі және әдебиеті, құқық және экономика негіздері, педагогика және психология), гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі).

 

5. Аудит   басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5,1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: методикалық нұсқауларға сәйкес, бақылаушы-экономикалық жұмыстардың жағдайын уақытылы және сапалы тексерулерді ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; салық органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен жіберілген қателерге шолу жасау және оларды аумақтық салық басқармаларының назарына жеткізу, салық заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жазаға тартылуын қадағалау. Кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулерді жүргізу және уақытылы орындалуын қадағалау; ҚР ҚМ МКК  және басқа мемлекеттік органдарының тексеру актісі бойынша мәліметтер және есептіліктер ұсыну; өндіріп алуды енгізу есептілігі, әкімшілік материалдарды тапсыру, жеке шоттарға тарату; Келісім шарттарды жарамсыз деп тану бойынша материалдарды сот органдарына жолдау барысын дайындау; салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық  (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика),  білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық (халықаралық қатынастар).

 

6. Аудит   басқармасы №3 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5,1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: методикалық нұсқауларға сәйкес, бақылаушы-экономикалық жұмыстардың жағдайын уақытылы және сапалы тексерулерді ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; салық органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен жіберілген қателерге шолу жасау және оларды аумақтық салық басқармаларының назарына жеткізу, салық заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жазаға тартылуын қадағалау. Кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулерді жүргізу және уақытылы орындалуын қадағалау; ҚР ҚМ МКК  және басқа мемлекеттік органдарының тексеру актісі бойынша мәліметтер және есептіліктер ұсыну; өндіріп алуды енгізу есептілігі, әкімшілік материалдарды тапсыру, жеке шоттарға тарату; Келісім шарттарды жарамсыз деп тану бойынша материалдарды сот органдарына жолдау барысын дайындау; салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика),  білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық (халықаралық қатынастар).

 

7. Аудит басқармасы №1 пост-кедендік бақылау бөлімінің басшысы  (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асыру; бөлімнің лауазымды тұлғалары арасында міндеттерді бөлу; кеден ісі саласында құқықтық актілерді жасауға қатысу; бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз лауазымдық міндеттерін атқару кезінде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету; бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікке ие; бөлімнің айлық, жартыжылдық, тоқсандық жұмыс жоспарын жасау; бөлімнің штаттық санын және құрылымын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу. лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика),  білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық (халықаралық қатынастар).

 

8. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру және аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі демалысының кезеңіне, 18.06.2019ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілермен ҚҚС бойынша салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын және дұрыс есептелуін қамтамасыз ету; ҚҚС-ның бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; ҚҚС-н әкімшілендіру әдістерін жетілдіру; салық төлеушілердің дербес шоттары бойынша  артық төлемдер жағдайын қарап отыру, ҚҚС-ның дебиттік сальдосының төмендеуі бойынша жұмыстарды жүргізу; ҚҚС аудиті бөліміне тақырыптық тексеру жүргізуге салық төлеушілердің тізімін жолдау; салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салықтық тексеру жүргізу; 2-С есебін қалыптастыру; қызметті бағалау көрсеткіштерінің өлшемдерін дайындау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), білім (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық саласында (халықаралық қатынастар).

 

9. Камералдық бақылау басқармасы №1 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тексерулерді жоспарлау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпараттар жинақтауды жүзеге асыру; кедендік тексерулер жүргізу кезінде ұсынымдар енгізу және посткедендік бақылау объектілерін таңдау үшін тәуекел нысанын (тауарлар, елдер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы) анықтау мақсатында тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің көрсеткіштер базасына және тексеру актілеріне талдау жүргізу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоспарлы және камералдық тексерулер жүргізу; Бөлімнің құзырына енетін посткедендік бақылау басқармасы сұрақтары бойынша әдістемелік және нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.     лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.  

 Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), білім (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық (халықаралық қатынастар).

 

 

 

10. «Ақтау кедендік-ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік  еріп жүруді жүзеге асыру, кедендік еріп жүруге төленетін алымдардың дұрыстығын тексеру; Инвестициялық жобалар шегінде кен орындарын пайдаланушылармен тауарлар және көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; теңіз кемелерінің келуін және кетуін ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика), гуманитарлық (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технология саласында: (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), мұнай-газ ісі, стандарттау және сертификация (сала бойынша), көлік техникасы және технологиялар, техникалық-құқықтық сараптама, құрылыс), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс); білім: (дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі және әдебиеті).

 

 

11. Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика),  гуманитарлық (халықаралық қатынастар).

 

12. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салықтық міндеттемелерді орындау негізінде салықтық бақылауды жүргізу; басқармада бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау; басқармада бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату; артық төлемдерді жойылу негізіне іс-шаралар өткізу; облыстық аумақтық салық басқармаларымен ұсынылған бектіліген талаптарға сай келмейтін есептілікпен ақпараттарды қайта қаралуына жіберу және сапасыз ұсынылған ақпараттар үшін лауазымды қызметкерлерді дисциплинарлық жауапкершілікке тарту жөнінде басшылыққа ұсыныс жасау. Салықтық түсімдердің және де басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің бақылауда тұрған салық төлеушілер бойынша түсімдердің динамикасына бақылау жасап анализ жүргізу; бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау негізінде жұмыс өткізу; бекітілген бюджеттік санат кодтары негізінде анализ жүргізу және артық төлемдерді бақылау; артық төлемдер соммасын жойылу негізіне  іс-шаралар өткізу;  уәкілетті органнан алыңған ақпараттарды салық төлеушінің лицевой шотындағы төленген түсімдермен салыстыру; төлем көздерінен ұсталынбайтын КТС және ЖТС бойынша төленген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығын анықтау негізінде, салық кезеңі аралығында және де КТС және ЖТС бойынша салық кезеңі аралығында  енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан осы кезеңі аралығында асуы байқалған салық төлеушілерді анықтау бойынша камералдық бақылау жүргізу; бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау; бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату; КТС бойынша енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі негізінде салық кезеңі аралығында камералдық бақылау жүргізу. әкімшілік істі қарау қорытындысымен мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша салынған әкімшілік айыппұлды сот органдарымен жұмыс жасау; АСР-ды шағын бизнес субъектілерімен дұрыс қолданылуына бақылау жасау; кең  түрде таралған пайдалы қазбалардың және су асты көздеріндегі жер қойнауын пайдалануылардың келісім-шарттарына салықтық зерттеу жүргізу. Салық төлеушілерден түскен өтініштерін уақытында қарау және оның орындалуын бақылау жасау. Еңбек тәртібі мен қызметтік этиканың орындалуын қамтамасыз ету. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының тапсырмасына сәйкес басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді орындау. Салық заңдылықтарын жеке тұлғалармен заңды тұлғаларға түсіндіру. Салық төлеушілердің шағымдарын, өтініштерін және хаттарын компетентті, заңды және уақытында қарау және қамтамасыз ету; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық  (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика),  гуманитарлық (халықаралық қатынастар), білім  құқық және экономика негіздері). 

 

13. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану және салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтардың уақтылы қаралуы мен олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары туралы семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этикамен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, дүниежүзілік экономика),  гуманитарлық (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері). 

          

  14.Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: жеке тұлғалардың алымдары және басқа да салықтық төлемдері бойынша күтілетін түсімдері туралы мәлімет жасау; уәкілетті органдармен берілген мәліметтерін зерттеу негізінде жеке тұлғалардың салықтық міндеттерінің орындалуына бақылау жүргізу; ҚР Салық кодексінде қарастырылған жағдайларда орындалуы бойынша салық төлеушілерге хабарлама тапсыру; салық төлеушілерді ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім -экономикалық, қаржыгер, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, халықаралық қатынастар, педагогикалық – құқық және экономика негіздері. Құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі.

 

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____