Жарияланған күні: 26.04.2018 16:07
Өзгертілген күні: 23.05.2019 19:25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

 

         С-О-4 санаты үшін:

         жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

         C-R-2 санатты үшін:

         жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

                       109898

148300

C-R-2

127418

172368

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-13-10 /1184/, электрондық адресі a.kaldybaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Мемлекеттік құпияларды  қорғау  және жұмылдыру жұмыс бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету және ұйымдастыру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру; Департамент бөлімшелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөлімшелерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру және олардың қызметіне бақылау жасау; барлық құпия жұмыс түрлерін жүргізу кезінде құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру; құпия іс жүргізу; Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды әзірлеу; мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттармен жұмыс жасауға рұқсат берілген Департамент қызметкерлерімен нұсаулық жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

 

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы Қаржы бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 08 қыркүйек 2019 жылғы дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру,үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру; Комитеттің және департаменттің басшылығынан келіп түскен тапсырмалардың белгіленген тәртіпте және белгіленген уақытта орындал уын қамтамасыз ету;бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын,хаттарын және мемлекеттік органдар мен басқа да заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Департаментті қамсыздандыруға қаржыландыру жоспарын орындау бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің бекітілген ережелерінің негізінде ҚР заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, ай сайынғы,тоқсан сайынғы және жыл сайынғы бухгалтерлік есептілікті уақытылы және сапалы жасауды қамтамасыз ету; ҚР ҚМ МКК-не қаржыландыру жоспарын орындау бойынша айлық есептерді тапсыру; облыстық статистикалық басқармаға ай,тоқсан және жылдық есептіліктерді тапсыру;Қазынашылық департаментіне әкелінген тауарға (қызмет көрсету,жұмыс) төлеу үшін төлем шоттарын тапсыру;бөлім жұмысының жоспарын дамытуға және орындалуын қамтамасыз етуге қатысу;қызметтік міндеттерді орындау барысында алған мәліметтерді сақтау және жарияламау,тарату шектелген қызметтік ақпараттарды қорғау бойынша барлық талаптарды орындау; Департаменттің жоғары тұрған лауазымды тұлғаларының өз құзіреті шегінде жүктеген басқа да міндеттемелерін орындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

 

3. Аудит басқармасы САЭБ бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімді жалпы басқаруды жүзеге асырады; Бөлімге артылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша бөлім жұмысын ұйымдастыруға жеке жауапты; Бөлім туралы ережені әзірлейді; Бөлім қызметкерлері міндеттерін бөледі;Бөлім қызметкерлерінің өзара ауыстырылуын анықтайды;Бөлім жұмысының жоспарын жасайды; Салықтық тексерулер жүргізу жоспарын жасайды; Бөлім мамандары жүргізген тексерулер саны мен сапасының нәтижелеріне талдау жүргізеді, олардың негізінде бөлім мамандарын көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар жасайды; Басшылық тапсырмаларын бекітілген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады; ҚР Салық кодексінің 18-тарауымен бекітілген салықтық тексерулер жүргізу мерзімдері мен тәртіптеріне бақылау жүргізеді; Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату бойынша оқытуды ұйымдастырады; САЭБ АЖ-дағы жаңартулар мен өзгерістерді зерттейді және басқарма қызметкерлерінің назарына ұсынады, сонымен қатар САЭБ АЖ жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;Баяндамаларды, анықтамаларды дайындауға және ақпараттарды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетіне және Маңғыстау облысы Әкімі аппаратына ұсынуға қатысады; Салық заңнамасын түсіндіру, соның ішінде түсіндіру сипатындағы хаттарды қанағаттандыру бөлігінде жұмыстар жүргізеді;Басқарма қызметкерлері жүргізген жылжымалы тексерулер мен зерттеу материалдарын қарайды; Жүргізілген салықтық тексерулердің саны мен нәтижесінің динамикасына, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қосылған және өндіріп алынған сомаларына, қарсы тексерулер жүргізу сұрауды орындау саны мен нәтижесіне талдау жүргізеді; Салық төлеушілердің бөлім қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты талаптары мен келіспеушіліктерін қарайды, бөлім қызметкерлері арасында жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар орын алмауы үшін нақты шаралар қабылдайды; САЭБ АЖ регламентін сақтау бөлігінде мемлекеттік кірістер департаментінің аудит басқармасы бөлімдерінің жұмысына бақылау жүргізеді; Жоғары тұрған және құқық қорғау органдарына ақпаратты уақтылы ұсынуға және олардың сапасына жауап береді; Салық төлеушілер туралы салық құпиясын қатаң сақтайды; Қажет болған жағдайда меншік түрі мен формасына қарамастан, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына, қаржылық құжаттарға, бухгалтерлік кітаптарға, фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты арқылы өткізілген қолма-қол ақшаның есеп кітабына, бағалы қағаздарға, декларацияларға, салықтық міндеттемелерді орындауға қатысты басқа да құжаттарға ҚР заңнамалық актілерінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, тексерістер жүргізеді; Департамент және төменгі сатыдағы аумақтық салық органы жүргізген бақылау-экономикалық жұмыс жөніндегі есептерді, соның ішінде 2-Н "Салық органдарындағы бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп" нысанындағы есепті жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Төменгі сатыдағы мемлекеттік кіріс аумақтық органдарының бақылау-экономикалық қызметінің мәселелері бойынша жылжымалы тексерулерін ұйымдастырады және алдағы уақытта оларға жол бермеу мақсатында анықталған кемшіліктер бойынша шаралар қабылдайды; Жұмысында салық салу мәселелері жөніндегі нормативтік актілерді және басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алады; САЭБ АЖ пайдалануға қатысты әдіснамалық сұрақтардың келіп түсуі шегінде жүйені жетілдіруге арналған бағдарламалық жасақтамаларды жаңартуларды қарастырады және өзгерістерді жаңарту пакетіне енгізу бойынша шаралар қабылдайды; Бөлім бойынша қылмыс белгілерінен тұратын құқық бұзушылықтары бар салық төлеушілерді тексеру материалдарын қарайды және тексеру материалдарының құқық қорғау органдарына уақытылы жіберілуіне бақылау жасайды; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпияны құрайтын ақпараттарды қорғау бойынша жұмыстар жүргізеді.                                                                                        

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

4. Камералдық мониторинг басқармасы №3 камералдық мониторинг бөлімінің  басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

          Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етуді жүзеге асырады; Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындау бойынша Бөлімның жұмысын ұйымдастыру үшін дербес жауапты; Бөлім туралы ережені әзірлейді; Бөлім қызметкерлерінің міндеттер шеңберін белгілейді; Бөлім қызметкерлерінің өзара бір-бірін алмастырушылығын айқындайды; Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды; Бөлімнің құзыреті шегінде камералдық бақылау нәтижелерін өңдеу жұмыстарын бақылау және үйлестіру; камералдық бақылау нәтижелеріне талдау жүргізілуін бақылау; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер бөлімларына (бұдан әрі – АМКБ) тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету; Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларын түсіндіруді жүзеге асыру; Бөлімнің құзыреті шегінде салық төлеушілердің өтініштерін, мемлекеттік уәкілетті органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету; Басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады; баяндамаларды, анықтамаларды дайындауға және ҚР ҚМ МКК-не және Маңғыстау облысының Әкімі аппаратына ақпараттарды ұсынуға қатысады; салық заңдарын түсіндіру, соның ішінде түсіндіру сипатында хаттарды қарау;  камералдық бақылауды жүзеге асыру бойынша аудандық мемлекеттік кіріс басқармаларының жұмысын бақылау және үйлестіру; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша камералдық бақылау жұмысын өтеу тиімділігін қамтамасыз етуді бақылау; салықтөлеушілер мен азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарайды; жоғарғы және құқық қорғау органдарына ақпараттарды уақытылы және сапалы беру үшін жауапты; Бөлім қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-әрекеттеріне байланысты салық төлеушілердің шағымдары мен келіспеушіліктерін қарайды, Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтарына жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдайды; Департаменттің басқа бөлімдерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуді бақылау, бірлескен іс-шараларды орындау, бірлескен тексерулерді және өзге де шараларды жүргізу; салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғаудың сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 30-бабы ережелеріне сәйкес салық құпияларын қатаң сақтау; кәсіби деңгейін арттыру мақсатында салық салу мәселелері бойынша нормативтік актілерді үнемі оқып-үйрену; Бөлім құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық органдары жұмысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру және ұйымдастыру; өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпиядан тұратын ақпараттарды қорғау жөнінде жұмыстарды жүргізу.

         Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімінің жұмысын жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерің мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді, олардың өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және оларды басқарма басшысына бекітуге ұсынады; Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмаларын, өзге де құжаттарының бақылау тапсырмаларын орындауға бақылау жасайды;Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді; Департаменттің аумақтық басқармаларының, облыстық Департамент басқармаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 20 маусымдағы №354 бұйрығымен бекітілген "Құпия тұтынушы" әдісімен мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығымен бекітілген аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету тәртібіне сәйкес тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі бақылау іс - шараларының жоспарына (бұдан әрі-бақылау іс-шараларының жоспары) сәйкес "мониторинг АЖ" АЖО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуына ай сайын бақылау жүргізеді;Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылылығы мәселелері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында және облыстық Департаменттің басқармаларында тақырыптық тексерулер ұйымдастырады және жүргізеді;  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығына мониторинг жүргізеді. оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетуді қашықтықтан бақылауды іске асыру және жүргізу жолымен; тиісті негізгі бағыттар бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысын және адалдығын қабылдауға бағытталған қызмет көрсету сапасымен салық төлеушілердің, халықтың қанағаттану деңгейін өлшеу мақсатында тәуелсіз зерттеулер жүргізу мәселесі бойынша бизнес - қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасайды; төмен тұрған аумақтық басқармаларға практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмысын үйлестіреді; Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және олардың жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Енгізу регламентіне сәйкес ҚР ҚМ МКК 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 609 бұйрығымен бекітілген ақпараттық жүйелерге ақпаратты енгізу және өңдеу бойынша ай сайын бақылауды жүзеге асырады;  Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тұлғалардың дұрыс және уақтылы тіркелуін, оларды есептен шығаруды, сондай-ақ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді бақылауды жүзеге асырады; Салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебі, электрондық сандық қолтаңбаның уақтылы күшін жою мәселесі бойынша бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша бақылауды жүзеге асырады; 20.03.2019 жылғы бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы және Бейнеу МКБ орналастырылған ЭКБЖ арқылы салық төлеушілерге қызмет көрсетудің сандық-уақыттық көрсеткіштері туралы талдаудың жасалуына бақылауды жүзеге асырады; 20.03.2019 ж. бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес ЖК Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру тоқтатылған, ЗТ таратылған (қайта құрылған) жағдайларда мемлекеттік тізілімнен шығарылған кезде бақылау-кассалық машиналарды есептен шығару мәселесі бойынша аумақтық МКБ бұзушылықтарын анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу және салық заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;  "Digital Agent" мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарына жауаптардың уақтылы және толық берілуіне, оны шешу кезінде шағым статусының өзгеруіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады; Бөлім құзыреті шегінде 2-Н есепке 2-қосымша бойынша ақпаратты аумақтық МКБ-нан жинақтауды жүзеге асырады және мәлімет үшін Аудит басқармасының САЭБ жібереді;  Бөлім құзыреті шегінде салық міндеттемесінің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді жүзеге асырады және түсініктемелер береді; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің өткізілетін тексерулеріне қатысады;  ҚР ҚМ МКК, Департамент басшылығының, басқа да мемлекеттік органдардың қарауына келіп түскен тапсырмаларын, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен азаматтардың өтініштерін сапалы орындайды; Бөлім жұмысының қорытындысын жүргізеді, департамент басшысының орынбасарына, басқарма басшысына анықтамалар, ақпараттар, баянжазбалар дайындайды; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің хаттарына, шағымдарына және өтініштеріне жауап дайындайды және оларды "заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңға сәйкес орындалуын бақылайды;Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан жіберілетін құжаттарға қол қояды; Салық төлеушінің құқығын сақтайды;  Мемлекеттің мүддесін қорғайды; Салық кодексінің ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

6. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, ақпараттарды уақытылы және сапалы даярлауға және оларды жоғары тұрған Мемлекеттік кірістер комитетіне, жергілікті билік органдарына, құқық қорғау және бақылаушы органдарға  олардың сұрау салуына сәйкес ұсынуға бақылау жасауды қамтамасыз ету. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілерден келіп түскен шағымдарды уақытылы қарастыру және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. ҚҚС бюджетке уақытылы және толық келіп түсуін қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілеу әдістерін жетілдіру.  ҚР Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылауға қойған есептік деректерін, тапсырмаларын және ақпараттарын орындау. Салық төлеушілердің есеп шотындағы артық төлемдердің жай-күйін қадағалау. 2-Н есебін жасайды; Бағалау өлшемдерінің көрсеткіштерін даярлайды; Бекітілген тәртіпте Департаментте өтетін алқа отырыстарына, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  Департамент бастығы, оның орынбасарлары өткізетін кеңестерге  қатысады. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

7. Өндірістік емес төлемдер басқармасы жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады;Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді, олардың өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды;Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және оларды басшыға бекітуге ұсынады;Бөлімде орындалудағы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмаларының, бақылау тапсырмаларының және өзге де құжаттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді; 230; 240; 250 СЕН бойынша әкімшілендіруді жүзеге асыру;Салық заңнамасының сақталуын, есептеудің дұрыстығын, өндірістік емес төлемдердің толық және уақтылы түсуін бақылайды. Жетекшілік ететін БСК бойынша Бөлімнің құзыреті шегінде мүлік салығын, жер салығын, көлік құралдарына салықты, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органдардың ұйғарымы бойынша салық төлеушілерді салықтық тексеруді жүргізу; Бөлім құзыреті шегінде уәкілетті органдардың бақылау актілеріне, салықтық тақырыптық тексеру актілеріне талдау жүргізу;Бөлім құзыреті шегінде анықталған салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; тіркелмеген төлеушілерді және салық салу объектілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді; уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша қызметін бақылауды жүзеге асыру;Ойын бизнесі салығын және тіркелген салықты төлеушілерді әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;Бөлім құзыретіне кіретін салықтар және өндірістік емес төлемдер бойынша болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерінің түсімдерін қамтамасыз ету адамдарды, тұтастай алғанда, облыс бойынша;Болжамнан неғұрлым елеулі ауытқулардың себептерін анықтау, сондай-ақ бересі мен артық төлеу динамикасын оның қалыптасу, ұлғаю немесе төмендеу себептерін көрсете отырып бақылау;Өндірістік емес төлемдердің түсуі туралы жиынтық ақпарат жасау облыс бойынша бюджетке;Алымдар мен төлемдер бойынша күтілетін түсімдер туралы мәліметтер жасау облыс бойынша жеке тұлғалардың басқа да салық;Салықтық бақылауды жүзеге асыру уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтерін талдауды зерделеу негізінде жеке тұлғалардың міндеттемелерін;Сипатты бұзушылықтар көрсетілген шолу хаттарын дайындайды;Бөлім құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктеме береді және түсіндіруді жүзеге асырады;Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің өткізілетін тексерулеріне қатысады;ҚР ҚМ МКК, Департамент басшылығының, басқа да мемлекеттік органдардың қарауына келіп түскен тапсырмаларын, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен азаматтардың өтініштерін сапалы орындайды;Бөлім жұмысының қорытындысын жүргізеді, департамент басшысының орынбасарына, басқарма басшысына анықтамалар, ақпараттар, баянжазбалар дайындайды; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің хаттарына, шағымдарына және өтініштеріне жауап дайындайды және оларды "заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңға сәйкес орындалуын бақылайды»;Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан жіберілетін құжаттарға қол қояды; Салық төлеушінің құқығын сақтайды;Мемлекет мүддесін қорғайды;Салық кодексінің ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтайды; Өзге де функцияларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

8. «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің басшысының орынбасары (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойылған міндеттердің, ЕЭО, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ҚР Қаржы министрлігінің, МКК-нің шешімдерінің, сондай-ақ Департаменттің бұйрықтары мен өкім, нұсқауларының орындалуын қамтамасыз ету; "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің кезекшілік ауысым жұмысын үйлестіруге;                                                    Ұшып кететін және келетін халықаралық әуерейстерді ресімдеу барысында бақылауды жүзеге асыру; "Астана-1", "ТАИС-2", "ШБО-АЖ" бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалан отырып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикалық электрондық қорының жасақталуына бақылауды жүзеге асыру;  "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің мамандарының электрондық кілттердің және жеке нөмірлі мөрлердің белгілі бір деңгейде сақталуы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; ЕЭО кедендік заңнамаларының, Қазақстан Республикасының салықтық, кедендік және өзге де заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізу; Кезекшілік ауысымының жұмысына қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;  Кезекшілік ауысым мамандарының біліктілігін арттыруға жағдай жасау; "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің басшысының жоқ мезгілінде міндеттерін атқаруға.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

9. «Морпорт» кеден бекетінің Құрық БӨП басшысының орынбасары (С-О-4, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, еріктері мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, кеден бекеті құзырына кіретін сұрақтар бойынша азаматтардың өтініштерін, арыздарын заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарайды; Белгіленген тәртіпте кеден бекетінің қызметі аумағында тіркелген ұйымдар мен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіне бақылауды жүзеге асырады; Кеден бекеті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен іскерлік сапасын ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерін кеден бекеті қызметінің бағыттары бойынша бөледі; Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты сақтауына қадағалауды жүргізеді;  Кеден бекеті жұмысының тоқсан сайынғы, жылдық жоспарларын қарайды және келісім береді; Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің және барлық жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыру бойынша жұмысты бақылау; Адам ресурстары басқармасымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәлімгерлерді бекітеді; Өз өкілеттілігінің шегінде СЭҚ қатысушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша кеңес береді; Кеден бекетінде қызметкерлермен өз функционалдық міндеттерін орындау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша  қадағалауды жүзеге асырады; Кеден бекетінің қызметтік жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасының, ай сайынғы есеп беру құжаттарының және аналитикалық анықтамаларының дайындалуына бақылау жүргізеді; Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының бұйрықтарының, нұсқауларының және өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органың алдындағы міндеттерді орындау үшін кеден бекетінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа бағытталған жұмыстарды болдырмауға қатысты тәрбие жұмыстарын жүргізеді; Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында күші бар заңдарды басшылыққа алуға, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіптерін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды  сақтауға міндетті, кеден бекетінің құзырына енетін басқа да міндеттерді орындау.  

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс).

 

10. «Болашақ» кеден бекетінің басшы орынбасары  (С-О-4, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, еріктері мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, кеден бекеті құзырына кіретін сұрақтар бойынша азаматтардың өтініштерін, арыздарын заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарайды;Белгіленген тәртіпте кеден бекетінің қызметі аумағында тіркелген ұйымдар мен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіне бақылауды жүзеге асырады; Кеден бекеті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен іскерлік сапасын ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерін кеден бекеті қызметінің бағыттары бойынша бөледі; Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты сақтауына қадағалауды жүргізеді;  Кеден бекеті жұмысының тоқсан сайынғы, жылдық жоспарларын қарайды және келісім береді; Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің және барлық жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыру бойынша жұмысты бақылау; Адам ресурстары басқармасымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәлімгерлерді бекітеді; Өз өкілеттілігінің шегінде СЭҚ қатысушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша кеңес береді; Кеден бекетінде қызметкерлермен өз функционалдық міндеттерін орындау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша  қадағалауды жүзеге асырады; Кеден бекетінің қызметтік жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасының, ай сайынғы есеп беру құжаттарының және аналитикалық анықтамаларының дайындалуына бақылау жүргізеді; Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының бұйрықтарының, нұсқауларының және өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органың алдындағы міндеттерді орындау үшін кеден бекетінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа бағытталған жұмыстарды болдырмауға қатысты тәрбие жұмыстарын жүргізеді; Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында күші бар заңдарды басшылыққа алуға, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіптерін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды  сақтауға міндетті. кеден бекетінің құзырына енетін басқа да міндеттерді орындау.  

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

11.Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары  (С-R-2, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшілік ететін салық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және жалпы басшылық жасау, қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, салық төлеушілер есебінің уақтылы және толық жүргізілуі бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және алымдар мен төлемдердің түсім жоспарын қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардан орталықтандырылған түрде келіп түскен тапсырмалар мен міндеттерінің толықтай орындалуын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерінің арасында салық салу сұрақтары бойынша тақырыптық оқу сабақтарын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесі болуы және т.б. Ұжымда жұмыс жасай білу, бірыңғай корпоративтік рухты құру қабілеттілігі, үйірімділік, орындаушылық,  жеделдік және талапкершілік қабілеттерге ие болу. Жоғары моральды, этикалық және іскерлік сапасы болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 4 қабат, кіші залында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата