Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электрондық шағым кітабы» салық төлеушілердің өтініштерін электрондық  пошта арқылы мемлекеттік кірістер органдары қызметінің лауазымды тұлғаларының заңсыз іс –әрекеттеріне және Қазақстан Республикасының  Ар – намыс кодексі бұзылған фактілерін тез арада мәлімдеу үшін арнайы ашылған бет.

Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде қаралады.     

«Электрондық шағым кітабы» мемлекеттік  және орыс тілдерінде жұмыс істейді.       

Өтінішіңізді толтырар алдында, Сізге алдымен парақтың оң жағындағы жоғарғы бұрышында көрсетілген тілдердің ішінен, қалаған тіліңізді таңдап, келесі деректемелерді толтыру қажет: 

1.  Жеке тұлғаныңесімі, тегі, әкесінің есімі немесе заңды тұлғаның атауы.         

2.  ЖСН/БСН         

3.  Мекенжайы      

4.  Телефон

5.   Электронды поштаның мекен жайы    

7.   Өтінішмәтіні (өтініште істің толық мәнін, лауазымды тұлғаның есімін, тегін, әкесінің есімін, яғни кімнің іс - әрекеті шағымдалатыны және тиісті мемлекеттік кірістер органының атауы).   

     Өтініште, көрсетілген мәліметтерге қосымша растайтын құжаттар болса, жоғарыдағы деректемелерді толтырғаннан кейін «тіркеу» және құжаттарды қосу қызметтеріне көшу керек.                

     Барлық  деректемелерді толтырғаннан кейін «сақтау» қызметін қолдану қажет, содан кейін модератормен өтінішіңізге тіркеу нөмірі беріліп, өтінішіңіздің ағымдағы статусын көруге және Комитеттің берген жауабымен танысуға  мүмкіндік аласыз.                

      ҚР заңнамаларына сәйкес:           

      Қазақстан Республикасының әкімшілікқұқықбұзушылық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық- процессуалдық заңнамаларымен белгіленген рұқсат тәртібімен қаралатын азаматтар өтініштері;     

      «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес иесі бүркемеленген өтініштері;   

      Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама;  

      Камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым;      

      Салық, кедендік және басқа да заңнамалар нормаларын түсіндіретін сұрақтары қарауға жатпайтынын хабарлаймыз.