Жарияланған күні: 27.12.2018 15:53
Өзгертілген күні: 27.12.2018 15:56

                                             

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

360 теңгенің бақытты чегін жіберіп, Алматы облысының тұрғыны «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша автокөлік ұтып алды

 

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өткізілді.

Акцияның ұтысына арналған салтанатты шараны Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы ашып, оған сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Ордабаев Олжас Темірбекұлы, WIPON қосымшасының әзірлеушілері Аязбаев Данияр Елюбаевич қатысты.

Қыпшақов А. өз сөзінде: «Осы акция азаматтарға бір уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуына және бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Орынбасары Ордабаев О.: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастырылуымен өтіп жатқан акцияда Ұлттық палатаның қатысуы мемлекет пен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара диалог және ынтымақтастық түріндегі қарым-қатынасының бекітілуіне деген оң көзқарасын растайды. Бұл жаңа кезең Мемлекеттік кірістер комитетімен ұдайы жасалып жатқан шаралары болмаанда, мүмкін болмас еді. Ағымдағы жылы еліміздің тұрғындары аталмыш акцияға тағы да белсене қатысты. Барлық аумақтардағы қатысушылардың белсенділігі тұтынушылар арасында салықтық және қаржылық мәдениетінің өсуіне алып келеді. Ұлттық палата ретінде біз адал кәсіпкерлерді әрдайым қорғаймыз және өз тарапымыздан осындай акцияларды қолдаймыз».

Ұтыс ойнату барысында Акцияның жеңімпаздары жүйенің кездейсоқ таңдауы үрдісімен анықталды.

Бас жүлде – Қазақстан Республикасының жетекші автопромы «Азия- Авто» АҚ-ның автокөлігін Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны Кәкенова Орынбала Айтбайқызы жеңіп алды. Бақытты чектің сомасы – 360 теңге.Акцияда қатысу үшін жіберілген чектер саны – 2516. Осыған дейін аумақтық ұтыс ойындарында Какенова О. мультиварка ұтып алған болатын.

Бірінші ынталандыру сыйлығы - «теледидарды» Астана қаласының тұрғыны Ысқақова Ұлдай ұтып алды. Чектегі сома – 585 теңге. Акцияда қатысу үшін жіберілген чектер саны – 2425.

Екінші ынталандыру сыйлығы - «планшетті» Алматы қаласының тұрғыны Оханова Айнұр ұтып алды. Чектегі сома – 429 теңге. Акцияда қатысу үшін жіберілген чектер саны – 1196.

Сондай-ақ, акцияның мобильді қосымшасының талдау орталығы деректеріне сәйкес «Ең белсенді салық төлеуші» номинациясында жеңімпаз ретінде Қозғамбаева Жанар есімді Түркістан облысының тұрғыны айқындалды, ынталандыру жүлдесі – планшет. Ол жылдың басынан бастап, 91 мыңнан аса чек жіберген.

Бұдан басқа, салық төлеушілердің бақылау-кассалық тәртібін сақтау бойынша қоғамдық бақылаудағы белсенді азаматтық ұстаным үшін Алматы қаласының тұрғыны – Шин Антонға алғыс жарияланды, ынталандыру жүлдесі – мобильді телефон.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылдың 21 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде өткізілгенін еске салайық. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтті.

Акцияның алты айы ішінде 30 мың азаматтан шамамен 2,3 млн. чек қабылданды. Чектердің басым бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан облысынан жіберілді. Жалпы республика бойынша 300-ге жуық жүлде ойнатылды.

ҚР-да 9 айында барлығы 1,2 млн. дара кәсіпкер, ағымдағы жылдың 21 қарашасындаға жағдай бойынша 97,1мың бақылау-касса машиналары тіркелген.

Акция тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде кәсіпкерлердің түбіртектерді беруіне қатысты бақылау-кассалық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы ағымдағы жылғы мамыр айынан басталды және Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен»  ҰКП-ның қолдауымен Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы іске қосқанын еске саламыз. Аталған мобильдік қосымшаны Apple App store және Google Play market арқылы тегін жүктеуге болады.

Wipon мобильді қосымшасы арқылы тек аталмыш акцияда қатысуға ғана емес, сондай-ақ фискалды чекті бермеген жағдайда шағымдануға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)