ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылғы 21 мамырдан бастап «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акцияны жалғастыруда.

Науқанға қатысу үшін чектерді қабылдау ағымдағы жылдың 21 мамырынан  30 қарашасына дейінгі мерзімде жүргізілді.

2018 жылдың 21 мамырынан 30 қарашасына дейнгі мерзімде науқанда қатысушы ретінде 2 316 367 чек жіберген 29 487 жеке тұлға тіркелгеніне мәлімет үшін назар аударамыз.

Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған.