Дата публикации: 12.06.2019 11:10
Дата изменения: 12.06.2019 11:10

 

 

           Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізу туралы заң қабылданып, 2019 жылдың 8 ақпаннан бастап негізгі салықтың Бересін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы қағидалары қолданысқа енгізілген болатын.

            Бұл ретте, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылдың 01 қазан жағдайындағы негізгі салықты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімақылары мен айыппұлдардың кешірілуі қарастырылған.

           Алайда, салықтық амнистия келесі категориядағы салық төлеушілерге қолданылмайтынын айта кету керек,яғни:

  • Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;
  • Жер қойнауын пайдаланушыларға;
  • Акцизделетін өнім өндірушілерге;
  • Жеке немесе дара кәсіпкерлікпен шұғылданбайтын жеке тұлғаларға.

 

            01.06.2019 жылғы жағдай қортындысымен, Маңғыстау облысы бойынша 2018 жылдың 01 қазан жағдайындағы негізгі салықты 207 582,2 мың теңгеге төленген барлығы 933 салық төлеуші бойынша, жалпы сомасы 52 911,9 мың теңгеге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан өсімпұлдар мен айыппұл сомаларын есептен шығару жұмыстары жүргізілді.

            Осылайша, салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға мүмкіншілігі жоқ қаржылық қиыншылықтары бар салық төлеушілерге, қарыздардан құтылып, кәсіби жұмыстарын заң аясында жүргізуге толық мүмкіншілік беретінін қаперіңізге сала отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ағымдағы жыл соңына дейін рақымшылықты пайдалануға шықырамыз.

              Сонымен қатар, бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы қосымша қажетті ақпараттар мен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайытында www.kgd.gov.kz жарияланған байланыс құралдары арқылы алуға болады.