- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 05.06.2020 17:11
Date of changing: 23.07.2024 09:49
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары мен Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар беру міндеттемесі жүктелетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оларды тіркеу және олардың айналымы ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылдың 13 сәуірдегі №379 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) рәсімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.
Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.
ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жарияланған:
- ТІЖ ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, ТIЖ-ның техникалық сипаттамасы: https://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;
- ТІЖ-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.
ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асырылған web-интерфейс тестілік стендте https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/ қол жетімді.