- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 17.11.2015 16:33
Date of changing: 17.11.2015 16:33
Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік операциялар мен кедендік процедураларды жетілдіру барысында тауарларды кедендік тазарту уақытын қысқартуға үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтар айында ішкі тұтыну үшін өндірілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды орындауға 4 сағатқа жуық уақыт жұмсалса, қараша айында жалпы 1 сағ 37 минут жұмсалатын болды. Осы ретте экспорттың кедендік процедурасы жарты сағаттан аспайды.
«Жүргізіліп отырған жұмыстар заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кедендік операциялар мен кедендік процедураларды жетілдіру, барлық процестерді ашық жүргізу мақсатын көздейді», - деп хабарлады Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов. Бұдан басқа, уақытты үнемдеу жағдайында департаментінің құқықтық сақтау блогының ролі айтарлықтай артты.