Date of publication: 13.07.2015 14:29
Date of changing: 18.02.2026 12:02

Ахметкалиев Арман Нұрланұлы

Ахметкалиев Арман Нұрланұлы 1978 жылғы 10 қараша айында Үштөбе қаласында (Талдықорған облысы, Қаратал ауданы) дүниеге келген.

2000 жылы Жетісу экономика лық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қаратал ауданының Әкім аппаратында бастаған.

2000 жылғы маусым – 2001 жылғы мамыр: Первомай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманы.

2001 жылғы мамыр – 2003 жылғы маусым: Каратал ауданы бойынша салық комитеті өндіріп алу және жанама салықтар бөлімінің салық инспекторы.

2003 жылғы маусым – желтоқсан: Каратал ауданы бойынша салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы.

2003 жылғы желтоқсан – 2005 жылғы ақпан: Каратал ауданы бойынша салық комитеті салық есептілігін қабылдау, өңдеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас салық инспекторы.

2005 жылғы ақпан – шілде: Каратал ауданы бойынша салық комитеті салық аудит бөлімінің бас маманы.

2005 жылғы шілде – 2008 жылғы наурыз: Каратал ауданы бойынша салық комитеті аудит бөлімінің басшысы.

2008 жылғы наурыз – тамыз: Каратал ауданы бойынша салық комитеті салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің басшысы.

2008 жылғы тамыз – 2009 жылғы қаңтар: Алматы облысы бойынша салық департаментінде салық аудиті басқармасының жеке тұлғаларды аудит бөлімінің басшысы.

2009 жылғы қаңтар – 2010 жылғы наурыз: Алматы облысы бойынша салық департаментінде өндірістік емес төлемдер мен арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2010 жылғы наурыз – шілде: Каратал ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.

2010 жылғы шілде – қараша: Алмалы ауданы бойынша салық басқармасы Кеден одағы шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Алматы қаласы

2010 жылғы қараша – 2011 жылғы ақпан: Алматы қаласы бойынша салық департаментінің салықтық қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы.

2011 жылғы ақпан – 2012 жылғы қараша: Алматы қаласы бойынша салық департаменті Жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2012 жылғы қараша – 2013 жылғы наурыз: Алматы қаласы бойынша салық департаменті Адам ресурстары және ведомстволарды бақылау басқармасының басшысы.

2013 жылғы наурыз – 2014 жылғы мамыр: Алматы қаласы бойынша салық департаменті Ведомстволарды бақылау басқармасының басшысы.

2014 жылғы мамыр – қараша: Алатау ауданы бойынша салық басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

2014 жылғы қараша – 2016 жылғы мамыр: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.

2016 жылғы мамыр – 2019 жылғы маусым: Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2019 жылғы маусым – 2022 жылғы ақпан: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

2022 жылғы ақпан – 2025 жылғы желтоқсан: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Мемлекеттік кірістер жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін  Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен мараппаталды.

Жемісті еңбегі үшін «Кірістер органының үздігі» ведомстволық наградасымен және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 

Абильдинов Артем Анатольевич

1979 жылы 31 мамырда Целиноград қаласында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1997 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қаржы полициясы академиясын  заңгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы саяси ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.

1997 – 2000жж.- Астана қаласы ІІБ «А» бөлімшесінің  жедел қызметкері;

2002 – 2010жж. – Астана қаласы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, бөлім басшысы, басқарма басшысы;

2011ж.  –  «Астана-финанс» менеджері, Астана қаласы;

2011 – 2015жж. – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы;

2015 – 2019жж. – Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы;

2019ж. –  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Департамент директоры;

2019 – 2021жж. – «Нұр-жол» заңды тұлғалар Ассоциациясының төраға орынбасары;

2021 жылғы 21 қазаннан 2022 жылғы 10 қазанға дейін – Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

 

Әлен Қайрат Балқанұлы 

Әлен Қайрат Балқанұлы 1982 жылғы 12 қаңтар айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

2003 жылы М.Тынышпаев атындағы Мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің республикалық бюджеттің қазынашылық қызметі бөлімінің жетекші маман-жетекші қазынашысы ретінде бастаған.

2005 жылығы ақпан -2007 жылғы желтоқсан: Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Республикалық бюджетке төлемдерді, мемлкеттік мекемелердің шоттарын және басқа шоттарын бақылау бөлімінің бас маман-бас қазынашысы.

2007 жылғы желтоқсан-2009 жылғы наурыз: Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы басқармасы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бөлімінің бастығы.

2009 жылғы наурыз-2013 жылғы шілде: Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы жеке тұлғалардың аудиті бөлімінің бас маманы.

2013 жылғы шілде-2014 жылғы қараша: Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің Аудит басқармасы № 3 аудит бөлімінің бас маманы.

2014 жылғы қараша-2018 жылғы қыркүйек: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасы № 3 аудит бөлімінің басшысы.

2018 жылғы қыркүйек-2019 жылғы мамыр: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы.

2019 жылғы мамыр-2023 жылғы қазан: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы №2 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы.

01-05 қараша 2023 жылғы: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасы САЭБ бөлімінің басшысы.

06-30 қараша 2023 жылғы: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы.

2023 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қаңтар: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасы САЭБ бөлімінің басшысы.

2024 жылғы қаңтар-2026 жылғы қаңтар:  Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы.

2026 жылғы қаңтарынан     бастап қазіргі уақытқа дейін: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Өзінің еңбек қызметі барысында «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Утегенов Ертуган Кенесович

Утегенов Ертуган Кенесович 1976 жылғы 30 шілде айында Новоказалинск ауылда (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) дүниеге келген.

1997 жылы Қазақ  мемлекеттік басқару  академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Байқоңырғаз» ЖШС-де баға белгілеу бойынша экономист ретінде бастады.

1999 жылғы тамыз-2001 жылғы желтоқсан: Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жеке тұлғалар жұмыс бойынша  секторыныңі салық инспекторы.

2001 жылғы желтоқсан -2007 жылғы желтоқсан: Бостандық ауданы бойынша Салық комитеті конкурстық рәсімдер алдында аудит бөлімінің жеке тұлғаларының аудит секторының жетекші салық маманы-жетекші маманы.

2007 жылғы желтоқсан - 2008 жылғы шілде: Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы.

2008 жылғы шілде -2008 жылғы қазан: Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы.

2008 жылғы қазан -2009 жылғы наурыз: Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы  жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің жетекші маманы-жетекші салық инспекторы.

2009 жылғы наурыз -2010 жылғы қыркүйек: Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы.

2010 жылғы қыркүйек-2012 жылғы сәуір: Жетісу ауданының бойынша Салық басқармасы жеке тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бастығы.

2012 жылғы сәуір -2013 жылғы мамыр: Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы.

2017 жылғы қаңтар-2017жылғы маусым: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы.

2017жылғы маусым-2019 жылғы маусым: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит  басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы

2019 жылғы маусым -2020 жылғы қазан: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасының басшысы.

2021 жылғы тамыз-2021жылғы қараша: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.

2021жылғы қараша -2022 жылғы ақпан: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы.

2022 жылғы ақпан-2022 жылғы маусым: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары.

2022 жылғы маусым -2025 жылғы мамыр: Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының басшысы.

2025 жылғы мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

Өзінің еңбек қызметі барысында «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды.