Date of publication: 21.11.2017 16:42
Date of changing: 26.04.2018 12:52

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

C-R-2 санаты үшін: 

жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)      А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)      мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)      жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;      

 

С-О-5 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)      В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)      мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)      жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

C-R-4 санаты үшін:

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-5

83282

112430

C-R-2

127421

172393

C-R-4

73288

99105

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары (С-R-2, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өзі басқаратын бөлімдерінің қызметін жалпы басқару және үйлестіру, осы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметін өзінің құзырына сай биліктің мемлекеттік органдарына және өзге ұйымдар алдында таныту, мемлекеттік органдармен бірлесе әрекеттесуді үйлестіру, салықтық емес түсімдердің түсуін көздейтін салық заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау және салық органдарында тіркелген салық төлеушілердің бекітілген тәртіптегі мониторингін жүргізу, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілерді даярлау, құқықтық сараптау және салық органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайтын даулардың материалдары бойынша құқықтық қорытындыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, Мемлекеттік кірістер басқармасының ҚР фискалды саясатын қалыптастыру жұмысына және осы саясатты жүзеге асыруға қатысу. Экономикалық теорияны, қаржылық талдау, мемлекеттік басқарудың теориясын, ҚР жалпы экономикалық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын білу. Ұжымда жұмыс жасай білуі, бірыңғай корпоративті рухты қалыптастыра білу қабілетінің болуы, мінезінің ашықтығы, тапсырманы орындау қабілеттілігі, ширақ қимылдап, талапшыл болуы. Жоғары моральдық, әдептілік және іскерлік қасиеттерінің болуы.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика),  гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттарды уақытылы және сапалы даярлау және оларды жоғары тұрған Мемлекеттік кірістер комитетіне, жергілікті билік органдарына, құқық қорғау және бақылаушы органдарға  олардың сұрау салуына сәйкес ұсыну. Бухгалтерлік есепті және есептілікті орталықтандырылған жүйеге енгізуді қамтамасыз ету, жасалатын операциялардың заңдылығын және құжаттардың дұрыс және уақытылы ресімделуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, берілген рұқсат шегінде міндеттемелер қабылдауды, бекітілген бюджеттік бағдарламаларға және белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес шығындалатын қаражаттардың дұрыстығына, тиімділігіне және мақсатқа сай келуіне,  сонымен қатар ақшалай және материалдық қаражаттардың сақталуына бақылау жасау, бөлім қызметкерлерін өздерінің міндеттерін орындау бойынша бақылау. Электрондық сауданың ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік сатып алуға байланысты құжаттарды уақытылы және дұрыс ресімдеу. Жасалатын операциялардың заңдылығын қамтамасыз етеді, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсат шегінде тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды құрады және даярлайды. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығын құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз етеді, жоғары тұрған органның, облыстық әкімдіктің тапсырмаларын орындауды бақылайды; Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Регламентін орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; салықтық қызмет көрсету, жедел шешім қабылдау, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық салық органдарының жұмысын үйлестіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Хаттамалық тапсырмалар жасайды, бақылаудағы тапсырмалардың, хаттамалық және өзге де іс-шаралардың, облыс бойынша 2-Н есебін, УВР-5 есебін уақытылы толық және сапалы орындауды бақылайды, салықтық қызмет көрсетуді, Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының жоғары тұрған органның тапсырмаларын уақытылы орындауды бақылайды. ЕАТТ бойынша жұмыстар жүргізеді және «Е.Минфин»-«SAB» АЖ -бухгалтерияға төлемдер, сыйақы және материалдық көмек көрсету төлемдерін және т.б. енгізу іс-шараларын жүзеге асырады. Департаментте кеңестер, семинарлар және өзге де хаттамалық іс-шаралар өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқаулықтарын зерделеу бойынша қызметкерлердің арасында техникалық оқу жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

3. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: ҚР ҚМ МКК және облыстық департаменттің басшыларынан келген хаттамалық тапсырмаларын және тапсырманың уақытында және сапалы  орындалуы; кеңес беру, ақпараттық жүйеде қолданушыларға ақпараттық жүйе туралы тәжірибелік қызмет көрсету, ұжымдық семинарда техникалық көмекті қамтамасыз ету; бағдарламалық қамсыздандыру орнату, соның ішінде МКД мен АСБ жұмысшыларының жұмыс орнына  антивирус бағдарламасын орнату, компьютерді қосымша бағдарламалардан және қызметтік ақпараттан тазарту; Салық  органдарының ұсынысы бойынша ақпараттық жүйесіне клиентік, бағдарламалық өнімдерді қондыру бойынша шаралар жүргізу және бағдарламалық қамсыздандыруына соңғы жүйе, жаңарту қондыру; Құқық беру: «Салық органдарының бақылау экономикалық жұмысы жөнінде» 2-Н есебін қалыптастыру, салықтық тексеру актілері бойынша қоса есептелген сомаларының өндіріп алу есептерін енгізу; салықтық тексеруде тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкер жүйесінде міндетті ведомстволық статистикалық есептерін қалыптастыру; «СЕӨЖ» және «Салық төлеуші кабинеті» web – бағдарламалық қосымшасын зерделеу енгізу және қамтамасыз ету; (БСАЖ, СЕЭН, ЖКАЖ, ҚҚС, САЭБ, СТжССОТ, Акциз, БЕМ) алдағы проблемалық сұрақтарын шешу; Паспортизация жүргізу, есеп жүргізу қозғалысы, есептеуіш техника құрылғыларының жағдайларын тексеру; Жөндеуде тұрған жабдықтарға есеп жүргізу. Қызмет көрсету мекемесінде жүргізіліп жатқан техникалардың жөндеу сапасын, мерзімін бақылау; Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті берген ұсыныстарын www.salyk.kz веб-порталына орнату және қызмет көрсету. Локальді жүйелерді әкімшілендіру; Электронды пошта арқылы жіберілетін ақпараттың көлеміне бақылау жасау; Жасақталған келісім шарт шеңберінде  барлық жұмыстарды  «НИТ» АҚ бірігіп жасау; ҚР ҚМ МКК, Мемлекеттік кірістер департаменті, аудандық салық басқармаларымен  «Казахтелеком» АҚ-мы өзара іс-қимылымен іркіліссіз байланыс қамтамасыз ету.  

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, техника және технология),  білім (информатика), жаратылыстану ғылымдары (информатика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

4. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін түсімін қамтамасыз ету, болжамнан айтарлықтай артық ауытқуының себебін анықтау, сонымен қатар берешек және артық төлемдердің құралуын, көбеюін және азаюын бақылау, камералдық бақылау жүргізу, 2-Н есебі басқаруының мәліметі  бойынша белгіленген мерзімдерін құрау; өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуі туралы жиынтық ақпаратын жасау, СТжәнеСО АЖ бағдарламасын  жұмысын қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың алымдары және басқа да салықтық төлемдері бойынша күтілетін түсімдері туралы мәлімет жасау; уәкілетті органдарымен берілген мәліметтерін зерттеу негізінде жеке тұлғалардың салықтық міндеттерінің орындалуына бақылау жүргізу; салықтық міндеттердің мерзімінде және ҚР Салық кодексінде қарастырылған жағдайларда орындалуы бойынша салықтөлеушіге хабарлама тапсыру; салықтөлеушілерді ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

5. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Талдау және болжамдау бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Маңғыстау облысы бойынша Қазнашылық департаментінен ф-2-19 бойынша ақпаратты алу үшін, күн сайын қала бойынша оперативтік  есеп беру нысаны 1-Н «Салықтық түсімдер соммасы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» жасалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджеттің болжам есептері оның ішінде республикалық және жергілікті бюджет, ол бюджеттік жіктеу кодтары бойынша болжам есептеріне өзгеріс енгізу. БЖК ірі түсімдері бойынша, салық төлеушілерді бөліп жинақтау жасау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

6. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы (C-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану және салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтардың уақтылы қаралуы мен олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары туралы семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этикамен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

7. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (C-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мұнай өнімдерінің және өзге акцизді өнімнің өндірісі, айналымы, сақталуы, көтерме және бөлшек сатылымы  саласының қызметіне қатысты тексерістерді жүргізу. Акцизді өнімдердің өндірісі және айналымымен шұғылданушы ұйымдардың біліктілік талаптарын, есептілік жай-күйін, өндіріс көлемін есептеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылуы қызметін бақылау, Рейдтік тексерістер жүргізу және акцизді өнімнің көтерме және бөлшек сатылымының біліктілік талаптарын дайындау, Акциз және Атлас-Казахстан  АЖ бғдарламасымен жұмыс жасау. Камеральды бақылауды жүргізу. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынылатын есептіліктерді құру. Облыстың Мемлекеттік кірістер департаментінің өзге де бөлімдері мен Басқармаларымен өзара әрекеттесу. Еңбек, коррупцияға қарсы күрес, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалармен көзделген өзге де міндеттерді атқару. Бөлімде салық заңнамасын зерделеу бойынша техникалық оқытуды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

8. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ішкі жұмыс бөлімінің бас маманы (C-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, ауысу жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты басшылықтың шешімдерін рәсімдеу. Кадрлық құрамды талдау, кадрдағы қажеттіліктерді жоспарлау,жаңа лауазымдарға мамандардың  қажеттілігіне байланысты штаттық кестеге өзгеріс енгізу туралы басшылыққа ұсыныс дайындау,  Ақтау қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының штаттық кестесінің жобасын бекітуге ұсыныс жасау, Мемлекеттік кірістер басқармасы персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау жасап қажеттілік жағдайда кінәлілерді  тәртіптік жазаға ұсыныс жасау, мемлекеттік қызметкерлердің құқығы мен заңды мүдделері  бұзылған жағдайда ақыл-кеңес беру. «Е.Минфин» АЖ жүргізуді және оған қызметкерлердің деректерін енгізуді жүргізу. Мемлекеттік қызметте болғанда шектеулердің сақталуына бақылауды қамтамасыз жасау,  Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау сұрақтары бойынша басшылық отырысына істерді дайындау,   салық қызметі органы қыз-меткерлерінің тарапынан  қықұқбұзушылықты алдын алу және кесу туралы мемлекеттік органдармен қарым қатынас,  Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысын құжаттық және ақпараттық қамтамасыз ету, жоғары органдардың, акиматтың тапсырмаларының орындалысына бақылау жасау, іс қағаздарын жүргізу бойынша Ережемен Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Тәртібі ұйымдастыру жұмысының  орындалысы;  жедел шешім қабылдау туралы салықтық қызметтерді көрсетуге бақылау жасау бөлім құзырына кіретін сұрақтарды бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру,  кеңес, семинралармен басқада басқарманың хаттамалық шараларының жұмыстарына бақылау жасау. Бөлім ішіндегі қызметкерлер арасында заңнамалық және нормативтік акітлерді, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқауларын зерделеу туралы техникалық оқу жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн

мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата