Date of publication: 15.11.2016 20:18
Date of changing: 26.04.2018 13:39

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

         
          С-О-3 санаты үшін:

жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

         4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     

С-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

С-О-5 санаты үшін:

жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

         4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

 

С-R-3 санаты үшін:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

С-R-4 санаты үшін:жоғары,

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.
         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
         жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

                     С-О-3

123257

166564

      С-О-4

115762

148 242

C-О-5

87 446

112 430

C-R-3

101 604

129 920

C-R-4

76 619

99 106

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылық ету және қызметін ұйымдастыру; Комитеттің, Департамент басшыларының нұсқаулары мен жарлықтарының орындалуына бақылау жасау; Комитеттің, Департаменттің селекторлық, жедел және кеңейтілген отырыстары (алқа) үшін материалдар әзірлеу; Департамент басшылығының хаттамалық тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылау жасау; мұрағаттық істің жүргізілуіне есеп және бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің бөлімшелерімен бірігіп, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын, брифингтер, интернет-конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізу; кеден органдары қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпараттар жинақтауды ұйымдастыру және тиісті материалдарды БАҚ-та жариялау бойынша шаралар қабылдау; Комитетке және мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттар дайындау, басшылықтың нұсқауы бойынша және лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.       

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

2. Камералдық бақылау басқармасының басшысы (С-О-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау және бөлімдердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына бақылау жасау және өз қызметін жүзеге асыру; Басқарманың жұмыс жоспарларын жасау,олардың орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

3. «Тәжен» кеден бекетінің басшысының орынбасары (С-О-4, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің жұмысымен қызметін бақылау; азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың сақталуын қамтамасыз ету; кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін атқару кезінде заңдылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; кеден бекетінің жұмысын жоспарлау; өз құзыреті шегінде сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға кеден ісі туралы сұрақтар бойынша кеңес беру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс; машина жасау; автоматтандандыру және басқару, металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

 

4. Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы С-О-4, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  05 ақпан 2017 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысы мен қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, Бөлімнің лауазымдық тұлғалардың жұмыс жасауын ұйымдастыру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру сонымен қатар олардың қызметтік тәртіпті сақтауына бақылау жасау. Бөлімнің құзіреті шеңінде Мемлекеттік органдармен және заңды тұлғалармен хат алмасулардың уақытылы орындалуына бақылау жасау. Бөлімнің жұмыс жаспарын жасақтау, орындалуын қамтамасыз ету. Департамент құрылымы бөлімшелеріне кадрлар іріктеп алу мен орналастыру, толықтыру. Кадр резервін құруды қамтамасыз ету, тәлімгер жұмысын ұйымдастыру мен бақылау жасау. Департамент номенклатурасына сәйкес лауазымдық тұлғаларды аттестациялауға бақылау жасау, мемлекеттік қызметке өтуші тұлғаларға конкурстық іріктеу жүргізілуді қамтасыз етеді, бақылайды; қызметкерлердің біліктілік, кәсіптік оқытуларды қамтамасыз ету бақылау. Жеке құрам, еңбек демалысы, ісссапар,  марапаттау және тәртіптік практикаға сәйкес бұйрықтың мазмұны, келісу парағы мен тіркелуіне бақылау жасайды. Лауазымды тұлалардың еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауды бақылайды; қызмет бабы шеңінде таратылуға жатпайтын құпия ақпараттарды сақтауға қатысты қойылған барлық талаптарды орындау; «Е.Минфин» АЖ жүргізуді және оған қызметкерлердің мәліметтерін енгізуді бақылайды, бөлмнің құзыры шенінде құжаттардың орындалысы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, департамент және басшының  тапсырмаларын орындайды; сонымен қатар Қазақстан Республикасы Заңдылықтарымен бекітілген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.   

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі).

 

 5. Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы С-О-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  26 қараша 2017 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға қатысу және орындалуын жүзеге асыру. Басқарманың, бөлімнің қызметі бабында өтетін семинар кеңестерге қатысу және бақылау жасау. Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзған Мемлекеттік кірістер органының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік тексеру өткізілуін қадағалау. Қызметтік тексеру қорытындысын департаменттің ішкі қауіпсіздік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшелеріммен келісімімен жасау. Тәртіптік тәжірибе бойынша бұйрықтардың ішкі қауіпсіздік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшелерінің келісімімен құрылып, тіркелуіне бақылау жасау. Тәртіптік жауапқа тартылған және жағыссыз себептермен жұмыстан босатылған лауазымдық тұлғалардың мониторинг тізімін дайындау. Заң шеңберінде Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде функционалды міндеттерін іске асыруды заң шеңберінде жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді бақылау. Бөлімге қатысты келіп түскен хаттар, шағымдар мен салық төлеушілердің өтініштері, тұлғалардың сауалдары жауап берілуіне бақылау жасау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары бойынша сенім телефоны, электронды шағым кітабы арқылы келіп түскен уақытылы тіркеу алып тексеру жүргізеді. Құқық қорғау органдарымен қызмет істеу және жүргізілген қызметтік тергеу және қызметтік тексеру бойынша есеп беру. Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлер айқындалған болса құжаттарды Құзетті органдарға ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және жанжақты қарау  қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алу  Қазақстан Республикасы заңдылықтарында бекітілген тәртіппен орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жарлығы, қаулысы, өкімі ҚР ҚМ МКД бұйрықтарымен тапсырмаларын Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің дұрыс және уақытылы орындалысын қадағалау. Қызметтік қажеттілікке байланысты бөлімге міндеттелмеген қызметтерді бөлім басшысының тапсырысын орындау.   

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

6. Аудит басқармасы №1 пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы  (С-О-5, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тексерулерді жоспарлау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпараттар жинақтауды жүзеге асыру; кедендік тексерулер жүргізу кезінде ұсынымдар енгізу және посткедендік бақылау объектілерін таңдау үшін тәуекел нысанын (тауарлар, елдер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы) анықтау мақсатында тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің көрсеткіштер базасына және тексеру актілеріне талдау жүргізу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоспарлы және камералдық тексерулер жүргізу; Бөлімнің құзырына енетін посткедендік бақылау басқармасы сұрақтары бойынша әдістемелік және нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика),  білім (құқық және экономика негіздері, информатика).

 

7. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС әкімшілендіру және аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: ҚР ҚМ МКК-не, жергілікті билік органдарына, құқық қорғау және бақылау органдарына олардың сұратуларына сәйкес есептілік мәліметтерді және ақпараттарды өз уақытында және сапалы дайындауды және жолдауды қамтамасыз ету. Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштерді және шағымдарды өз уақытында және сапалы қарауды қамтамасыз ету. Салық төлеушінің ҚҚС-ның есепке жатқызылған сомасының есепке алынған сомасының асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі өтініш/талабына сәйкес тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізеді. Басқа аумақтық салық органдарының сұратулары бойынша қарсы тексерулерді өз уақытында жүргізуді, сонымен бірге тематикалық салықтық тексеру барысында жүргізілген операциялардың салықтық есептілікте нақты көрсетілгені жөнінде қосымша ақпарат керек болған жағдайда үшінші тұлғаға қатысты қарсы тексеру жүргізеді. Сұрату бастаушы -  аумақтық салық органның сұраныстарына жауаптарды және қарсы тексеру материалдарын уақытында жолдауды бақылау. Барлық тексерулер бойынша мәліметтерді САЭБ АЖ-не толықтай уақытында және сапалы енгізу. Салықтық тексерулер актілерімен расталған ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтаруға өкім дайындайды. Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері).

 

8. Кедендік бақылау басқармасының бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, кедендік рәсімдерді пайдалану сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау және кедендік тазартуды жүзеге асыру сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау; кеден ісі саласында құқық бұзушылық белгілерін анықтауда дер кезінде тиісті шаралар қабылдау; есептілік ақпараттарын жинақтау, қорыту және жоғары тұрған кеден органына ұсыну; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтер атқару.   Автомобильдік өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру; автомобильдік өткізу пункттерінде интеграцияланған бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша талдау және есептілік ақпараттарды жинақтау және қорытуды жүзеге асыру; жүргізілген көліктік бақылау бойынша мониторингтеуді жүзеге асыру. Кедендік бақылауға алынған автомобильдік көлікпен әкелінген жүктерді тасымалдаушылардың, жөнелтушілердің және қабылдап алушылардың тауарларды жеткізудің кедендік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету; ҚР заңнамаларына және халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Халықаралық жол тасымалы кітапшасын пайдалана отырып, тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануына бақылауды жүзеге асыру; шетел тауарларын уақытша сақтауға орналастыру кезінде құжаттардың есебін жүргізу және тіркеу; кедендік тразит мерзімдерін, межелі орында кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын бақылауды жүзеге асыру; межелі кеден органына жеткізілмеген тауарларға іздеу салуды жүзеге асыру. Бөлінетін және радиоактивті материалдарды және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылауды жүзеге асыру; есептілік ақпараттарды дайындау; Қазақстан Республикасы кедендік аумағы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың және радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, Департамент кеден бекеттеріне кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізуде тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология).

 

9. «Ақтау кедендік-ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік  еріп жүруді жүзеге асыру, кедендік еріп жүруге төленетін алымдардың дұрыстығын тексеру; Инвестициялық жобалар шегінде кен орындарын пайдаланушылармен тауарлар және көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; теңіз кемелерінің келуін және кетуін ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, машина жасау,  технологиялық машиналар және жабдықтар), қызмет көрсету (бағалау), білім (дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті).

 

10. «Болашақ» кеден бекетінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). білім (құқық және экономика негіздері).

 

11. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелер бойынша Актау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы Бөлімінің және құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асыру.   Бекітілген тәртіпте сот органдарында басқарма талапкер, жауапкер, қызығушылық танытқан тұлға болатын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерде және құқыққорғау органдары мен өзге де органдарда Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне қатысты құқықтық мәселелер қаралғанда Мемлекеттік кірістер басқармасының мүддесін көздеу. Мемлекеттік кірістер басқармасының пайдасына шешілмеген сот актілері бойынша бекітілген мерзімде соңғы инстанцияға дейін қайта шағымдану. Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату және құқықтық оқыту шараларына қатысу. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырудың дұрыстығын және заңдылығын тексеруді жүзеге асыру. Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы бұйрықтар жобаларының, нұсқаулықтардың, хаттардың және өзге де құжаттардың заңнама талаптарына сай келуін тексеру. Басқарманың лауазымдық тұлғаларына оларды құқыққорғау органдары мен прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарына шақырылған кезде құқықтық көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерінің еңбектік және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің және Басқармасының басшылығының тапсырмасына сай бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау, Басқарманың өзге бөлімдерімен жұмысты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі).

 

12. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы талдау және болжамдау бөлімінің басшысы С-R-3, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  15 сәуір 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жүргізу, жүктелген барлық міндеттердің, сонымен қатар орталықтан жоғарыдағы Мемлекеттік кірістер комитетінен, жергілікті билік органдарынан, құқыққорғау және бақылау органдарынан келіп түсетін тапсырмаларына сай ақпараттар мен есептілік мәліметтердің берілуінің дер кезде әрі сапалы орындалуына бақылау жасау, ҚР ҚМ СК құзыретіндегі салықтар мен төлемдер бойынша түсімдердің көрсеткіштерінің есептелуінің дұрыс болуына ұдайы бақылау жасау, «Салық сомалары мен бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдердің түсімі туралы есептілік» Ф1-С қала бойынша есептілігінің мәліметі бойынша қызмет бағасын анықтау үшін бақылауды жүргізу. Мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін орындауға бақылау жасау, республикалық бюджеттің болжамдары бойынша хаттардың ҚР ҚМ СК-не дер кезінде жіберілуін, сонымен бірге жергілікті бюджеттің орындалуы туралы Ақтау қаласының әкіміне жіберілуін бақылау Салық жүйесінің мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік материалдарды,, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын зерделеу бойынша оқытуларды, семинарларды ұйымдастыру.және жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің еңбектік және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика),  гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

13. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы талдау және болжамдау бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Маңғыстау облысы бойынша Қазнашылық департаментінен ф-2-19 бойынша ақпаратты алу үшін, күн сайын қала бойынша оперативтік  есеп беру нысаны 1-Н «Салықтық түсімдер соммасы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» жасалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджеттің болжам есептері оның ішінде республикалық және жергілікті бюджет, ол бюджеттік жіктеу кодтары бойынша болжам есептеріне өзгеріс енгізу. БЖК ірі түсімдері бойынша, салық төлеушілерді бөліп жинақтау жасау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

14. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салықтық міндеттемелерді орындау негізінде салықтық бақылауды жүргізу; басқармада бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау; басқармада бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату; артық төлемдерді жойылу негізіне іс-шаралар өткізу; облыстық аумақтық салық басқармаларымен ұсынылған бектіліген талаптарға сай келмейтін есептілікпен ақпараттарды қайта қаралуына жіберу және сапасыз ұсынылған ақпараттар үшін лауазымды қызметкерлерді дисциплинарлық жауапкершілікке тарту жөнінде басшылыққа ұсыныс жасау. Салықтық түсімдердің және де басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің бақылауда тұрған салық төлеушілер бойынша түсімдердің динамикасына бақылау жасап анализ жүргізу; бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау негізінде жұмыс өткізу; бекітілген бюджеттік санат кодтары негізінде анализ жүргізу және артық төлемдерді бақылау; артық төлемдер соммасын жойылу негізіне  іс-шаралар өткізу;  уәкілетті органнан алыңған ақпараттарды салық төлеушінің лицевой шотындағы төленген түсімдермен салыстыру; төлем көздерінен ұсталынбайтын КТС және ЖТС бойынша төленген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығын анықтау негізінде, салық кезеңі аралығында және де КТС және ЖТС бойынша салық кезеңі аралығында  енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан осы кезеңі аралығында асуы байқалған салық төлеушілерді анықтау бойынша камералдық бақылау жүргізу; бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау; бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату; КТС бойынша енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі негізінде салық кезеңі аралығында камералдық бақылау жүргізу. әкімшілік істі қарау қорытындысымен мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша салынған әкімшілік айыппұлды сот органдарымен жұмыс жасау; АСР-ды шағын бизнес субъектілерімен дұрыс қолданылуына бақылау жасау; кең  түрде таралған пайдалы қазбалардың және су асты көздеріндегі жер қойнауын пайдалануылардың келісім-шарттарына салықтық зерттеу жүргізу. Салық төлеушілерден түскен өтініштерін уақытында қарау және оның орындалуын бақылау жасау. Еңбек тәртібі мен қызметтік этиканың орындалуын қадағалау. Басқада міндеттерді орындау, бөлімге орнатылған ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс басқармасы, координация басқа бөлімдермен, салық заңдылықтарын жеке тұлғалармен заңды тұлғаларға түсіндіру. Уақытында қарауды қадағалау, компетенттік  және  заңдылы қаралу хаттардың шағымдарын салық төлеушілердің.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

15. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушілерді тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы         (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салық мәселелері бойынша заңнама актілерін сақтауға. Кіріс құжаттарды уақытында қабылдау, тіркеу, шығыс құжаттарды тіркеу және беру бойынша бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарын жүргізеді. (Қарбалас кезеңде ҚР ҚМ СК Төрағасының 25.12.2006ж. №666 Бұйрығымен бекітілген салық органдарының ақпараттарын қабылдау және өңдеу Орталықтарының жұмыс істеу Ережесіне сәйкес  жұмысты жүзеге асырады). Салық заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілердің шағымдарын қарау және қорытынды беру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тіркеу сипатындағы құжаттарды өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару  туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша куәлігін тіркеу. Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық салуға байланысты нысандар мен салық салу нысандарын есепке алуды тіркеу кәртішкелерін өңдеу. 2-Н есебін дұрыс қалыптастыру үшін әкімшілік өндіріп алу сомасын төлеу туралы мәліметтерді ҚР БАСЖ ДБ-на (ЭКНА – өндіріп алу есебі) уақытылы және дұрыс енгізу. ҚР Заңнамалық актісіне сәйкес жүктелген өзге де қызметтік талаптарды орындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

16. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Төлемдерді қабылдау және өңдеу, есептеу және жеке шоттардың есебін жүргізу орталығы» бөлімінің  бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  29желтоқсан 2008 жылғы №622бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережелері»  сәйкес бекітілген бөлімшеге  бақылау жургізу. Басшы органдарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтымасыз ету. Қазынашылық басқармасынан түсетін қаржыларды жіктемелер бойынша күнделікті қабылдау және тексеру. Банклік құжаттарды өңдеу. Бюджет кірістерінің жіктемесінің кодтары арасында есепке жатқызу немесе салық төлеушінің банктік шотына қайтару үшін банклік құжаттардың дұрыс дайындалуына жауапты. Салық төлеушілердің арыздары бойынша  жеке тұлғалардың  есеп шоттарындағы төлемдерді тексеру. Бюджет кірістерінің жүктемесінің кодтары арасында есепке жатқызу және салық төлеушінің банкттік шотына қайтару. Банкттік  құжатттарды өңдеу және дұрыс өңделуін қадағалануына тікелей жауапты болу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

17. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану және салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтардың уақтылы қаралуы мен олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары туралы семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этикамен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

18. Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы С-R-4, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  16 шілде 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау.  2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.     уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.     тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­_________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____