Жарияланған күні: 26.10.2017 17:00
Өзгертілген күні: 26.04.2018 13:54

   I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік мекемесі, заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 31 «Б» ш/а, тел. 8 (7292) 301112 (305 кабинет), e-mail: a.asanova@kgd.gov.kz, k.tleubaeva@kgd.gov.kz жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатысуы мүмкін

 

Жедел-іздестіру қызмет басқармасы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, салықтық және қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің жетекші маман-офицері (C-GDO-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:, Қазақстан Республикасының заңнамасына жатқызылған, қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың байланысын анықтай отырып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық тергеу қызметі құзыретін жүзеге асырады; ұлттық қауіпсіздік және  ішкі істер органдарының жедел қызметтерін  пайдалана отырып, агентурно - жедел қызметін жүзеге асырады, соның ішінде жасырын аппараттармен жұмыс, арнаулы жедел-іздестіру іс шараларын, жедел есепке алу; тергеушінің жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқауын орындайды, сондай-ақ сот қаулысының жүргізу туралы жедел-іздестіру іс-шараларды тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша; сотқа дейінгі тергелетін қылмыстық істерді жедел жүргізуді жүзеге асырады;  өз өкілеттігі шегінде қызметтік міндеттерін орындау барысында шектелген қызметтік ақпараттарды жарияламау бойынша барлық талаптарын сақтауды, мәліметтерді қорғау және жарияланбауын қамтамасыз етеді және жүктелген басқа да міндеттерін орындайды

Білім және мамандық деңгейі бойынша талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі болу қажет.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: 1. Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Денсаулық жағдайы бойынша талаптар: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 07 сәуір 2016 жылғы №362 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен анықталған құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін қызметке жарамдылық бойынша тиісті санаттар.

Полиграфологиялық зерттеу міндетті түрде өту қажет.

 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi - конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш;

2) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);

5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;

6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);

7) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған өмірбаянын;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

9) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді.

Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

            Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады