Жарияланған күні: 17.11.2015 16:27
Өзгертілген күні: 17.11.2015 16:29

Акциздік маркаларды шығаруға қатысты келіп түскен өтініштерге байланысты, төмендегіні хабарлаймыз.
Кеден Одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімімен «Тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын (тасымалдау құжаттарын), коммерциялық және (немесе) басқа да құжаттарды пайдалану тәртібі туралы» нұсқау (әрі қарай- Нұсқау) бекітілген.
Нұсқаудың ІІІ бөлімі 12-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын (тасымалдау құжаттарын), коммерциялық және (немесе) басқа да құжаттарды тізбелерді ұсынумен, оның ішінде Кеден одағына мүше-мемлекеттерде өндірілген акциздік және (немесе) арнайы маркаларға қатысты да қолдануға болады.
Нұсқаудың І бөлімі 3-тармағына сәйкес, бұл Нұсқауға сәйкес тауарларды декларациялау кезінде ТД электрондық көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Тауарларды тауарларға арналған декларациялар ретінде көлік құжаттарын (тасымалдау құжаттарын), коммерциялық және (немесе) басқа да құжаттарды пайдаланып кедендік декларациялау кезінде, декларант немесе кеден өкілі кеден органына осы құжаттарға қоса Нұсқауға сәйкес тауарлар тізбелерін ұсынады.
Нұсқаудың 13-тармағына сәйкес, тауарларды осы аумақтан әкету қарастырылатын кедендік рәсімге тауарларды орналастырылатын кезде, Нұсқауға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша үш бірлікте толтырылған тізбе ұсынылады.
Сонымен қоса, әр парақ толтырған тұлғамен қол қойылып, мөрмен куәландырылады, егер кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, бұл тұлғада мөр болуы қажет болса.
Тізбеге қоса кеден органына тауарларды шығару шешімін қабылдау үшін қажетті Кодекске сәйкес, қарастырылған құжаттарды ұсыну
Тауарларды шығару немесе оларды шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы лауазымды тұлғасы тізбелер бірліктеріне сәйкесінше белгілер қойылады, шешім шығарылған күн, қол қойылумен және жеке нөмірлі мөрмен куәландырылады.
Бұдан кейін декларантқа немесе кеден өкіліне тізбенің екі бірлігі қайтарылып, тауарларды шығару орнындағы кеден органына бір бірлігін ұсыну үшін қайтарылады.
Кеден Одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №263 шешімі «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Евразиялық экономикалық комиссияның ресми сайты eurasiancommission.org орналастырылғандығын ақпарат ретінде хабарлаймыз.