Жарияланған күні: 21.10.2016 02:01
Өзгертілген күні: 26.04.2018 13:28

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Жедел іздестіру қызмет басқармасының басшысы (C-GDO-3 санаты,  1 бірлік, тұрақты)» лауазымы тұрақты.

Функционалдық міндеттері: Жедел іздестіру қызметін ұйымдастыру, бақылау жүргізу.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде 6 жыл қызмет өтілінің, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл, немесе аумақтық құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде басшы лауазымдарда 1 жылдан кем емес, немесе мемлекеттік органдарда кемінде 8 жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетеін салаларда кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке түсірілетін өзге де міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы»,  «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс Кодексін білуі тиіс.

2. Білім және мамандық  деңгейі бойынша талаптар: кәсіптік  жоғары білімі болу қажет.

3. Денсаулық жағдайы бойынша талаптар: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 31 наурыз 2010 жылғы №132 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен анықталған құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін қызметке жарамдылық бойынша тиісті санаттар.

4. Полиграфологиялық зерттеу міндетті түрде өту қажет.