Жарияланған күні: 13.07.2015 17:40
Өзгертілген күні: 13.07.2015 17:42

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

 

Салық салу объектілері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Мыналар:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;

3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.

 

Салық мөлшерлемелері

Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

 

Рет

Салық салу объектiсi

Салық мөлшерлемесі

(айлық есептiк көрсеткiш)

1.

 

Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):

 

1100-ге дейiн қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):

 

1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары  1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары  5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған  басқа да автокөлік құралдары

3

4.

Автобустар:

 

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты:

 

55 кВт-ға дейiн қоса алғанда

1

55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең):

 

160-қа дейiн қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң

4 пайызы

8.

Мыналар:

кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;

магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

 

Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:

 

Р/с

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі

(айлық есептік көрсеткіш)

1.

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

 

3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда

35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда

46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда

66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда

130

5 000-нан жоғары

200

 

 

Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

 

Салық төлеу мерзімдері

Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.

Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн Салық кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенімхат негiзiнде сенім бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.