Жарияланған күні: 28.12.2016 18:58
Өзгертілген күні: 26.04.2018 13:51

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

С-R-2 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-О-4 санаты үшін:жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

         4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

С-R-4 санаты үшін:жоғары,

мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.
         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
         жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

                     С-R-2

98016

132610

      С-О-4

84563

114032

C-О-5

64063

86485

C-R-4

56375

76235

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

1. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары (С-R-2, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өзі басқаратын бөлімдерінң қызметін жалпы басқару және үйлестіру, осы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметін өзінің құзырына сай биліктің мемлекеттік органдарына және өзге ұйымдар алдында таныту, мемлекеттік органдармен бірлесе әрекеттесуді үйлестіру, салықтық емес түсімдердің түсуін көздейтін салық заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу, сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын, салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау және салық органдарында тіркелген салық төлеушілердің бекітілген тәртіптегі мониторингін жүргізу, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілерді даярлау, құқықтық сараптау және салық органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайтын даулардың материалдары бойынша құқықтық қорытындыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру, Мемлекеттік кірістер басқармасының ҚР фискалды саясатын қалыптастыру жұмысына және осы саясатты жүзеге асыруға қатысу. Экономикалық теорияны, қаржылық талдау, мемлекеттік басқарудың теориясын, ҚР жалпы экономикалық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын білу. Ұжымда жұмыс жасай білуі, бірыңғай корпоративті рухты қалыптастыра білу қабілетінің болуы, мінезінің ашықтығы, тапсырманы орындау қабілеттілігі, ширақ қимылдап, талапшыл болуы. Жоғары моральдық, әдептілік және іскерлік қасиеттерінің болуы.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  08 қыркүйек 2019 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлімнің құзетіндегі қызметтер мен тапсырмалардың сапалы уақытылы орындалуына персоналды түрде жауап береді; Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, берілген рұқсат шегінде міндеттемелер қабылдауды, бекітілген бюджеттік бағдарламаларға және белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізілген төлем бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес шығындалатын қаражаттардың дұрыстығына, тиімділігіне және мақсатқа сай келуіне,  сонымен қатар ақшалай және материалдық қаражаттардың сақталуына бақылау жасау, бөлім қызметкерлерін өздерінің міндеттерін орындау бойынша бақылау. Электрондық сауданың ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік сатып алуға байланысты құжаттарды уақытылы және дұрыс ресімдеу. Жасалатын операциялардың заңдылығын қамтамасыз етеді, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсат шегінде тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды құрылуына және даярлауына бақылау жүргізеді, ЕАТТ бойынша жұмыстар жүргізеді және «Е.Минфин»-«SAB» АЖ -бухгалтерияға төлемдер, сыйақы және материалдық көмек көрсету төлемдерін және т.б. енгізу іс-шараларын жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді, Манғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысын құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз ету; жоғары тұрған органның тапсырмаларын уақытылы орындауды бақылайды. Департаментте кеңестер, семинарлар және өзге де хаттамалық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмыстардың жүзеге асырылуын бақылайды; Бөлім қызметкерлері арасында ҚР ҚМ МКД нұсқаулықтары мен заңдылықтар, нормативті актілерлі оқыту үйрету дәрістерін жүргізеді

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

 

3. Талдау және тәуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына және қызметіне жалпы басшылық жасау; Департамент және Комитет басшылығының нұсқаулары мен жарлықтарын орындау бойынша  бөлімнің қызметіне бақылау жасау; бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша талдамалы және есептік ақпараттарды жинақтауды және қорытуды жүзеге асыру; тәуекел бейіндерін жасауға қатысу; кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдана отырып мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

4. Талдау және тәуекелдер басқармасы тәуекелдер бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша талдамалы және есептік ақпараттарды жинақтауды және қорытуды жүзеге асыру; тәуекел бейіндерін жасау сұрақтары бойынша Департамент құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; тәуекел бейіндерін жасауға қатысу; кедендік бақылау кезінде тәуекелді басқару жүйесін қолдана отырып мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім саласында (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

5. Ұйымдастыру-қаржы   басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 13 сәуір 2018 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшелердің Департамент басшылығының нұсқаулары мен жарлықтарын орындауына бақылау жасау; қызметтік іс-әрекетті дамыту сұрақтары бойынша отырыс өткізуді дайындау, селекторлық, жедел және кеңейтілген отырыстарға материалдар әзірлеу; Департамент құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелері бойынша мәліметтер жинақтау; қорытынды анықтамалар мен есептер дайындау. Атқарушылық тәртіп бойынша күнделікті ақпарат әзірлеу, құрылымдық бөлімшелерден мемлекеттік тілде келіп түскен құжаттардың дұрыстығы мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді енгізу бойынша республикалық, облыстық, қалалық семинарларға, кездесулерге, отырыстарға қатысу; Департамент құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық тұлғаларына мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар ұйымдастыру; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.        

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, журналистика, әлеуметтану, саясаттану, психология), білім (қазақ тілі және әдебиеті, құқық және экономика негіздері, педагогика және психология), гуманитарлық ғылымдар  (халықаралық қатынастар, аударма ісі).

 

6. Аудит   басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: методикалық нұсқауларға сәйкес, бақылаушы-экономикалық жұмыстардың жағдайын уақытылы және сапалы тексерулерді ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; салық органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен жіберілген қателерге шолу жасау және оларды аумақтық салық басқармаларының назарына жеткізу, салық заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жазаға тартылуын қадағалау. Кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулерді жүргізу және уақытылы орындалуын қадағалау; ҚР ҚМ МКК  және басқа мемлекеттік органдарының тексеру актісі бойынша мәліметтер және есептіліктер ұсыну; өндіріп алуды енгізу есептілігі, әкімшілік материалдарды тапсыру, жеке шоттарға тарату; Келісім шарттарды жарамсыз деп тану бойынша материалдарды сот органдарына жолдау барысын дайындау; салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық  (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика).

 

7. Аудит   басқармасы №2 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: методикалық нұсқауларға сәйкес, бақылаушы-экономикалық жұмыстардың жағдайын уақытылы және сапалы тексерулерді ұйымдастыру және оның тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау; салық органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен жіберілген қателерге шолу жасау және оларды аумақтық салық басқармаларының назарына жеткізу, салық заңнамасын бұзған тұлғаларды әкімшілік жазаға тартылуын қадағалау. Кешенді, тақырыптық және қарсы тексерулерді жүргізу және уақытылы орындалуын қадағалау; ҚР ҚМ МКК  және басқа мемлекеттік органдарының тексеру актісі бойынша мәліметтер және есептіліктер ұсыну; өндіріп алуды енгізу есептілігі, әкімшілік материалдарды тапсыру, жеке шоттарға тарату; Келісім шарттарды жарамсыз деп тану бойынша материалдарды сот органдарына жолдау барысын дайындау; салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.    

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім – құқық  (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика).

 

8. Камералдық бақылау басқармасы №1 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Тексерулерді жоспарлау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпараттар жинақтауды жүзеге асыру; кедендік тексерулер жүргізу кезінде ұсынымдар енгізу және посткедендік бақылау объектілерін таңдау үшін тәуекел нысанын (тауарлар, елдер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы) анықтау мақсатында тауарларға арналған декларациялардың электрондық көшірмелерінің көрсеткіштер базасына және тексеру актілеріне талдау жүргізу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жоспарлы және камералдық тексерулер жүргізу; Бөлімнің құзырына енетін посткедендік бақылау басқармасы сұрақтары бойынша әдістемелік және нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

 Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері).

 

9. Борыштармен жұмыс басқармасы мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: салықтарды және өзге де төлемдерді бюджетке төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ҚР заңнамаларына сәйкес, банктердің және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың инкассалық өкімдерін орындау кезінде салық төлеушілердің банктік шотынан ақша қаражаттарын есептен шығару тәртібін сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының тексерулерін бақылауды жүзеге асыру, қауқарсыз борышкерлерге қатысты банкроттық рәсімдерге бастамашылық жасау бойынша жұмыстарды бақылау, конкурстық өндірісті жүргізу және сот отырысына қатысу барысын бақылауды жүзеге асыру, салық берешектерін мәжбүрлеп өндіріп алу және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарламалар жолдауды бақылау; инкассалық өкімдерді уақытылы қою, есеп шоттары және салық төлеушілердің-толық төлемеушілердің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату; дебиторлармен жұмыс жасау; салық төлеушілердің-толық төлемеушілердің мүлкіне иелік етуіне және олардың тізбесіне шектеу қою туралы шешім шығару; Заңнамалық және нормативтік актілерді, ҚР ҚМ МКК нұсқаулықтарын зерделеу бойынша қызметкерлердің арасында техникалық оқу жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). 

 

10. Кедендік бақылау басқармасының бас маманына (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 03 қыркүйек 2019 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, кедендік рәсімдерді пайдалану сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау және кедендік тазартуды жүзеге асыру сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау; кеден ісі саласында құқық бұзушылық белгілерін анықтауда дер кезінде тиісті шаралар қабылдау; есептілік ақпараттарын жинақтау, қорыту және жоғары тұрған кеден органына ұсыну; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтер атқару.   Автомобильдік өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүзеге асыру; автомобильдік өткізу пункттерінде интеграцияланған бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша талдау және есептілік ақпараттарды жинақтау және қорытуды жүзеге асыру; жүргізілген көліктік бақылау бойынша мониторингтеуді жүзеге асыру. Кедендік бақылауға алынған автомобильдік көлікпен әкелінген жүктерді тасымалдаушылардың, жөнелтушілердің және қабылдап алушылардың тауарларды жеткізудің кедендік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету; ҚР заңнамаларына және халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Халықаралық жол тасымалы кітапшасын пайдалана отырып, тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануына бақылауды жүзеге асыру; шетел тауарларын уақытша сақтауға орналастыру кезінде құжаттардың есебін жүргізу және тіркеу; кедендік тразит мерзімдерін, межелі орында кедендік транзит кедендік рәсімінің аяқталуын бақылауды жүзеге асыру; межелі кеден органына жеткізілмеген тауарларға іздеу салуды жүзеге асыру. Бөлінетін және радиоактивті материалдарды және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын бақылауды жүзеге асыру; есептілік ақпараттарды дайындау; Қазақстан Республикасы кедендік аумағы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың және радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, Департамент кеден бекеттеріне кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізуде тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология).

 

11. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы талдау және болжамдау бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінен ф-2-19 бойынша ақпаратты алу үшін, күн сайын қала бойынша оперативтік  есеп беру нысаны 1-Н «Салықтық түсімдер соммасы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» жасалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджеттің болжам есептері оның ішінде республикалық және жергілікті бюджет, ол бюджеттік жіктеу кодтары бойынша болжам есептеріне өзгеріс енгізу. БЖК ірі түсімдері бойынша, салық төлеушілерді бөліп жинақтау жасау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдардар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.     уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.     тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.