- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 10.07.2015 17:59
Өзгертілген күні: 10.07.2015 18:01
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 257-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) енгізілген Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар:
1.Патент негізіндешағын бизнес субъектілеріүшін АСР
Салық кодексінің 431-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес қағаз жеткізгіште патентті беру бойынша нысан жойылды.
2. Көлік құралдарына салынатын салық
Әкімшілендіруді оңайлату мақсатында Салық кодексінің 367-бабы 2-2 тармақпен толықтырылды, оған сәйкес аталған баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні 2015 жылдан бастап оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.
3. Салық есептілігінің нысандары
3.1. Салық кодексінің 68-бабы ҚҚС бойынша есептілікті электронды түрде табыс етуде Салық кодексінің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілерге шек қойылған талаппен толықтырылған.
3.2. ҚҚС төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Салық кодексінің 73-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттармен бір мезгілде осындай тіркеу шығару мақсатында өзінің орналасқан жері бойынша салық органына салық өтінішін табыс ету міндеті енгізілген.
3.3. Салық кодексінің 74-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұру оның ұзартылуы ескерумен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауы тиiс.
Патенттің қолдану мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық өтінішін немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші Салық Кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.
3.4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарламасын жіберу мерзімі Салық кодексінде белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберілуі бойынша Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, осы тармақша мынадай нормалармен толықтырылды:
- уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші Салық кодексінің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс;
Салық кодексінің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге хабарлама жіберілмейді.
3.5. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің патент алу қажеттілігі жойылды.
4.Салық органдарында салық төлеушілерді тіркеу
4.1. Салық кодексінің 41, 42, 43-баптарымен белгіленген тәртіпте, қызметін тоқтату кезіндесалық төлеушілермен ұсынылатын құжаттар қысқартылған. Соның ішінде, салық органына дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлікті немесе ол жоғалған кезде немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіште, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордыңқызметін тоқтату туралы мәліметті мерзімді баспа басылымында жариялауын растайтын құжатты ұсыну бойынша талап алынып тасталған.
Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару мерзімі анықталған.
Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебінен шығару, сонымен қатар тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы мәліметті ҚР ҚМ МКК интернет-ресурстарында орналастыру бойынша талап бергіленген;
4.2. Жеке санаттағы дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату тәртібін анықтайтын жаңа 43-1 бабы енгізілген.
Осы оңайлатылған тәртіп, Салық кодексінің 586-бабымен белгіленген, камералдық бақылау жүргізусіз дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен:
1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші, немесе
2) салық есептілігін немесе патент құнының есебін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішінде бар жазбаша келісу негізінде шығаруды қарастырады.
Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылмайтын;
4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында жоқ;
6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.
4.3. Салық кодексінің 565-566-баптарындағы өзгертулерге сәйкес, жеке тұлғаның дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне тұру мақсатында салықтық өтінішті ұсыну тәртібі өзгертілген, яғни 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тек «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде жүзеге асыруға жатады. Тиісінше, аталған санаттағы салық төлеушілермен мемлекеттік кірістер органдарына салықтық өтінішін қағаз жеткізгіште ұсыну шектеледі ();
4.4. Салық кодексінің 567-бабы салық төлеушінің өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарылудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқығын растайтын талаппен толықтырылған;
4.5. Сонымен бірге, Заңның 6-бабымен шарт анықталған, өкілдік, филиал арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместі, заңды тұлға-резиденттердің бірінші басшылары болып табылатын, оларда сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап осындай нөмірді алу, сонымен қатар тиісті өзгертулерді тіркеу деректеріне енгізу үшін салық органына жүгінуге міндетті.
Жоғарыда көрсетілген шарттарды орындамау, өкілдік, филиал арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместі, заңды тұлға-резиденттердің бірінші басшылары 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарына салық төлеуші ретінде тіркелу үшін жүгінбесе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға негіз болып табылады.
4.6. Салық кодексінің 568-569-баптарына енгізілген өзгертулерге сәйкес өкілдік, филиал арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент еместі, заңды тұлға-резиденттің бірінші басшысында сәйкестендіру нөмірінің болмауы, салық органымен ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішін қабылдамауға негіз болып табылады;
4.7. Салық кодексінің 568-бабының 7-тармағы ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында ұсынылатын салықтық өтінішімен қатар, салық төлеушінің салық салынатын айналымы минимумының асып түсуін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну бойынша талаппен толықтырылған;
4.8. Салық кодексінің 569-бабының 3-тармағына енгізілген өзгертулерге сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қойылуға бас тартудың негізі кеңейтілген;
4.9. Салық кодексінің 570-бабына талаптар енгізілген, осыған сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын, дара кәсіпкерді қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде олардың құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысы, дара кәсіпкер жеке өздері алуға тиісті.
Сонымен қатар, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті берген кезде салық органы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіру құқығы белгіленген;
4.10. Салық кодексінің 571-бабының 4-тармағына осындай шығару күнін анықтаумен салық төлеушіге хабарлаусыз салық органының шешімімен ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға негіз болып табылатын қосымша шарттар енгізілген.
4.11. Салық кодексінің 572-бабы салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішін ұсынуды қарастыратын нормамен толықтырылған.
Электрондық құжаттармен алмасу кезінде электрондық цифрлік қолтаңбаны қолдану және тану жөніндегі келісімді салық төлеушімен жасау бойынша талап алынып тасталған.
Бұдан басқа, электрондық цифрлік қолтаңбаны жою негіздері қарастырылған. Салық кодексінің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес енгізілген өзгертулерге сәйкес, салық органының шешімімен ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару, салық төлеушінің электрондық цифрлік қолтаңбасын жоюға негіз болып табылады;
4.12. Жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қою үдерісі өзгертілген Салық кодексінің 574-бабына өзгертулер енгізілген, оның ішінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілері ретінде, лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлері бойынша хабарламалар мен рұқсаттардың салықтық өтінімдеріне, немесе мемлекеттік электрондық тізілімдеріне сәйкес, яғни автоматтық түрде, тіркеу есебіне салық төлеушілерді қою талабы енгізілген.
Қызмет түрлері бойынша рұқсаттамалар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі мәліметтерін қолдану, сонымен қатар жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылатын болады.
Жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қою кезінде тіркеу карточкасын беруді реттемелеуші талап алынып тасталды.
5.Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы салықтық қызметтерді көрсету
Салық төлеуші Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы балама негізде салықтық өтініштерді және салық есептілігі нысандарын ұсына алатын өзгертулер мен толықтырулар Салық кодексіне енгізілген.