- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 04.01.2018 13:39
Date of changing: 04.01.2018 13:39
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-3 |
123257 |
166564 |
С-О-4 |
109932 |
148242 |
C-О-5 |
83282 |
112430 |
І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
1. Пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы (С-О-3, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асыру; Басқармаға жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; Басқарманың қызметі мен қызмет етуіне жауапты; өз уәкілетілігінде ұсынылған құқықтар шегінде және де лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметін жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды, мемлекеттік және басқа заңмен қорғалатын құпияларды сақтауға; өз қарамағындағы қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі, жұмысты жүргізуде жауапкершілік деңгейін анықтауға; Басқарма құзыреті шегінде қаржы, сыртқы экономикалық және өзге қызмет тексерулерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен дайындық жұмыстарын жүргізуге; посткедендік бақылауды жүргізу бойынша бөлімдер қызметін ұйымдастыруға; мемлекеттік органдар мен меншік түрінен тәуелсіз ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді, сонымен қатар Басқармаға жүктелген міндеттерді атқаруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді бекітілген тәртіпте лауазымды тұлғалар мен азаматтардан алуға; Басқарманың құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының субъектілері, мемлекеттік билік органдарымен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен өзара әрекет етуді ұйымдастыруға; басшының келісімімен құқық қорғау органдары мен қадағалаушы органдардың мамандары мен сарапшыларын көмек көрсетуге тартуға; басшының келісімімен тексеруді жүзеге асыруға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын тартуға; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес, нақты бір ұйымның сыртқы экономикалық, қаржы және өзге қызметін тексеру туралы шешім қабылдауға; Басқарманың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жазаға тарту немесе мадақтауға ұсыным енгізуге; кеден ісі саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты мерзімінде анықтау бойынша Басқарманың лауазымды тұлғаларының қызметін үйлестіруге; Басқараманың қызметкерлері еңбекті сақтау ережесі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылауға; Басқарма құрылғылары мен мүліктерінің сақталуын, материалдарының тиімді қолдануын қадағалауға; Басқарма қызметкерлерінің кәсіби даярлығы мен тәрбиелік жұмысын жүзеге асыруға; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология), жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика).
2. «Ақтау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшы орынбасары (С-О-2, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік еріп жүруді жүзеге асыру, кедендік еріп жүруге төленетін алымдардың дұрыстығын тексеру; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).
3. Кедендік бақылау басқармасы Тауарлар жеткізуді бақылау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департаменттің, Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының белгіленген тәртіпте және мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді; Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, хаттарын қарастырады. Кеден ісі саласында нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру мен жетілдірудің әзірлеуіне қатысады; Бөлімнің технологиялық сызбасын, жұмыс жоспарын, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін әзірлейді және уақытылы өзгерістер енгізеді; Кеден Одағының кедендік аумағы арқылы тасымалданатын көлік құралдары мен тауарларды кедендік бақылау мен ұйымдастыру бойынша кеден бекеттеріне әдістемелік көмек беру; Кедендік еріп жүру және көлік құралдарына бақылауды жүзеге асырады және сол бағыттағы жұмысты ұйымдастырады; Бөлім лауазымды адамдарының функционалдық міндеттерінің орындалуын бақылау,ұйымдастыру,бағыт беру; Бөлімнің бір жылдық жұмыс жоспарын тоқсан бойынша бөле отырып,ұйымдастыру; Бөлім қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін көтеру жөніндегі іс-шараларды қабылдау; Бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша,заңды және нормативтік-құқықтық актілеріне ұсыныс беруге және әзірлеуге қатысады қызметтік міндеттерін орындау кезінде, Бөлім лауазымды тұлғаларының еңбек тәртібін бақылау; Бөлімде тауарлардың жеткізілуін бақылау бойынша, Комитетпен, мемлекеттік органдармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен хат алмасуды жүзеге асыруды бақылау; Бөлімнің Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс қимылын ұйымдастырады; Департамент, басшылығына ақпараттық және басқа да құжаттарды дайындау және уақытылы ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Бөлімнің жұмыс жағдайына,заңмен белгіленген тәртіпте жауапкешілікте және өзіне жүктелген қызметтік міндеттердің орындалуына дербес жауаптылықта болады; Жариялауға болмайтын шектеулі қызметтік ақпараттарды қорғау, қызметтік міндеттерді орындау барысында алынған мәліметтерді сақтау және жарияламау бойынша барлық талаптарын орындайды; Департаменттің жоғары тұрған лауазымды тұлғаларының өз өкілеттігі шегінде жүктеген өзге де міндеттерін орындайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
4. Кедендік бақылау басқармасы Интеграцияланған бақылау және кедендік инфрақұрылым бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қарауға келіп түскен мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан белгіленген тәртіпте және мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді; қолма-қол ақша құралдары мен ақшалай құрал-саймандарды кедендік декларациялаудағы тәртібін бақылау; жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын, ақпараттық технологияларды қолданумен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібін жүзеге асыру бойынша бақылау; халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі бойынша бақылау; шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібін бақылау; халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өткізу тәртібін бақылау, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы; өзінің лауазымдық міндеті шегінде Департаменттің кеден бекеттерінің қызметіне бақылау жүргізу; басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша шешім қабылдау үшін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті статистикалық, аналитикалық және басқа мәліметтерді, құжаттарды, қорытындылар мен басқа да қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға, сонымен қатар «Саудалық емес айналым саласындағы» айлық есептік көрсеткішті дайындау; халықаралық тасымалдау көлік құралдарын және жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларацияуға, оларға қатысты жасалынатын кедендік операциялардың мәселелері бойынша және басқа да Басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндірме және кеңес беру жұмыстарын жүргізу; Басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша Департаменттің кеден бекеттеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
5. Кедендік бақылау басқармасы Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 03 қыркүйек 2019 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Тыйым салулар мен шектеулерге жататын тауарлар, сонымен қатар зияткерлік меншік объектілерінің бұзушылық белгілері бар тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселесі бойынша Департаменттің кеден бекеттерінің қызметіне бақылау жүргізу; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент кеден бекеттерінің қызметтеріне тиімділікті бағалауды өткізу; Тыйым салу мен шектеуді, зияткерлік меншікті сақтау, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметтерін атқаратын тұлғаларға кедендік бақылау жүргізу және Бөлім құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша кеңес беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу және ұйымдастыру бойынша кеден органдарына практикалық және методикалық көмек көрсету; Кедендік бақылау жүргізу кезінде заңнамаларды сақтау бойынша, сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану, кеден құжаттарының электрондық көшірмелерінің мәліметтер базасына мониторинг және талдау жүргізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерге және уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне кедендік бақылау жүргізу, жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерге және уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне кедендік бақылауды жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді дайындау үшін ұсыныс енгізу;. Уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, кеден қоймалары және бажсыз сауда дүкені иелерінің реестрін жүргізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерін атқаратын тұлғалар бақылау мәселесі бойынша, уәкілетті экономикалық операторлардың қызметтерін бақылау және жүргізу, мониторингтеу мәселесі бойынша, тыйым салу мен шектеуді, зияткерлік меншікті сақтау және Бөлім құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Уақытша сақтау қоймалары мен орындары, бажсыз сауда дүкендері, кеден және еркін қоймалардың Евразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкестігіне үй жайлар мен аумақтарда кедендік тексеру жүргізу; Үй жайлар мен аумақтарда кедендік тексеру актілерін толтыру, уақытша сақтау қоймалары мен уақытша сақтау орындары, бажсыз сауда дүкендері, кеден қоймалары иелерін реестрге кіргізу туралы, сонымен қатар олардың қызметін тоқтата тұру туралы және реестрден шығару туралы бұйрық дайындау; Евразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың сәйкестігіне қорытынды береді; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкес кеден өкілдерінің кедендік рәсімдеу бойынша мамандардың қызметіне бақылау жүргізу; Уәкілетті экономикалық операторлар реестріне тіркеу үшін өтініш берген тұлғалар туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК жібереді; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялау жөніндегі маманды аттестаттауды жүргізеді; Кедендік рәсімге тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтату бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
6. Тарифтік реттеу басқармасы Тауарлар жіктемесі бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департамент басшылығының және Басқарма басшысының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін уақытылы орындайды. Бөлімге жүктелген міндеттерден туындайтын жұмыстарды атқарады. Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін уақытылы және объективті қарауды жүзеге асырады; Кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бөлім құзыретіне енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Тарифтік реттеуді қолдану шараларының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі, тауарлардың шығарылған елін анықтау, кедендік баждар мен салықтардың ставкаларын қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар ұсыну). Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыру. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру, және тауарлардың шыққан елін анықтау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау бойынша алдын-ала шешімдер, тауарлардың жіктелімі бойынша алдын-ала шешімдер, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша классификациялық шешімдер қабылдайды және Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер бақылауды жүзеге асырады. Бекітілген нормаларға сәйкес есептер дайындау. Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексеру жүргізеді. Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен түсетін аналитикалық және есептік ақпараттарды дайындайды, жинақтайды және қорытады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттер мен құқықбұзушылықтарды болдырмау. Мемлекетік қызметтерді ұсынуда сәйкес регламенттер мен стандарттарды қолдану.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология).
7. «Морпорт» кеден бекетінің «Құрық» ӨБП бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден бекетінің жедел-кезекшілік ауысымда қызмет ету; теңіз кемелерінің келуін және кетуін ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, анықтау және жолын кесу; кеден бекетінің құзыретіне енетін өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).
8. «Бейнеу» кеден бекетінің бас маманы (С-О-5, 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 06 маусым 2018 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантин); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, автоматтандандыру және басқару, технологиялық машиналар және жабдықтар, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); білім (экономика және құқық негіздері).
9. «Болашақ» кеден бекетінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), білім (экономика және құқық негіздері).
10. «Темір – Баба» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) - (мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
- тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
Әңгімелесуді өткізу тілі_____
Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
Форма
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________ |
ФОТО |
_____________________________________________ |
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|||
1. |
Туған күні және жері/ |
||
2. |
Ұлты (қалауы бойынша)/ |
||
3. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/ |
||
4. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
||
5. |
Шетел тілдерін білуі/ |
||
6. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
||
7. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
||
8. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
||
9. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ |
||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
Күні/Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации |
||
қабылданған/ |
босатылған/ |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||