Date of publication: 24.02.2023 17:01
Date of changing: 24.02.2023 17:03

15 ақпанда тексеру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізудің жолын кесті.

Полиция қызметкерлерімен  бірлескен  рейд барысында анықталған                      5 384 қорап шетелдік темекі (Fast, Malboro, Oris, Oscar, Корона, Mancester) бөлшек саудада сатуға арналғаны туралы ведомствада  хабарланды.

Заңсыз  темекі  өнімдері  орталық  базар аумағында сатылды.

Осы  факті  бойынша ҚР ӘҚтК  283-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, әкімшілік іс жүргізу туралы хаттама сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау тауарлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыруға, сол арқылы олардың сапасы мен қауіпсіздігін растауға, сондай-ақ сатушылар арасында шынайы   бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.