Date of publication: 03.03.2023 16:15
Date of changing: 03.03.2023 16:16

2023 жылдың 24 ақпанда ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасымен (бұдан әрі – ОКЗ) бірлесіп «Мұнай өнімдерінің сынамаларын іріктеу әдістері» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы  жоспардан тыс қашықтықтан техникалық оқу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу әдістерімен таныстыру, кедендік сараптама өткізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру  және барлық ілеспе құжаттарды дұрыс толтыру саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кедендік әкімшілендіру қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде:

- Баимбетова Майгуль Касенгалиевна - ҚР ҚМ МКК Астана қ. Орталық кеден зертханасы физика-химиялық зерттеулер және материал танушылық сараптама бөлімінің бас маманы;

-  Камысбаева Гульзат Болатбековна - ҚР ҚМ МКК Астана қ. Орталық кеден зертханасы физика-химиялық зерттеулер және материал танушылық сараптама бөлімінің бас маманы.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ерекшеліктерімен,  мұнай және мұнай өнімдерінің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу ережелерімен, сондай-ақ сынамаларды іріктеу және мұнай өнімдерінің сынамаларын орау, таңбалау және сақтау үшін керек-жарақтармен танысты.