
Соттан тыс банкроттық, бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:
1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);
2. қарыз 12 ай ішінде өтелмеген;
3. мүлік жоқ;
4. қарыздар бойынша банкпен реттеу рәсімі жүргізілген.
Сонымен қатар, заңда ерекше жағдайлар қарастырылған:
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін (12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды);
- берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді).
Қарызды реттеу тәртібі дегеніміз не?
2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Ол банктер мен микроқаржы ұйымдарына таралады.
Реттеу тәртібі келесі әрекеттерге сәйкес іске асырылады:
Мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күннің ішінде қарыз бойынша мәселені шешу үшін банкке және/немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуге тиіс.
Жалпы, бұл процедура туралы толығырақ ақпаратты Агенттікке «1459» нөмірі бойынша call-орталық немесе «Fingramotalline» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
Соттан тыс банкроттық рәсімі Мемлекеттік кірістер органдарымен (аудандық бақармаларымен) жүргізілетін болады.
Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электрондық нысанда береді.
Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады.
Қазіргі уақытта тестіленіп жатқан ақпараттық жүйе арқылы борышкердің қажетті критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан, мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.