
2023 жылғы 29-30 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің басқармаларымен бірлесіп, Polycom БКБ арқылы «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық салу» тақырыбында арнайы қашықтықтан курс өткізді.
Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін салық заңнамасындағы жаңалықтармен және өзгерістермен таныстыру және түсіндіру.
Спикерлер ретінде сөз сөйледі:
- Смагулова Гүлмира Амиргалиевна - ӨЕТ ЖТжАСР ӘД жеке тұлғалардың арнайы салық режимдерін әкімшілендіру және кәсіпкерлік қызметі басқармасының басшысы;
- Амантаева Рабига Оразбайқызы – ӨЕТ ЖТжАСР ӘД жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша 122 қатысушы біліктілігін арттырды.