
Ақтау әуежайы мен Өзбекстан шекарасында есірткі табылды.
Мемлекет басшысы мен республика үкіметі соңғы жылдардың ішінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында тиімді жұмыс ұйымдастыруда бірқатар дәйекті қадам қолданды.
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен осы құбылыспен күрес, жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында құқық қорғау блогының қызметкерлері " Әуежай–Ақтау" кеден бекетінің мамандарымен бірлесе отырып, "Ақтау" халықаралық әуежайында есірткі құралдарының заңсыз айналымының 2 фактісін әшкереледі. Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу шеңберінде ЭТҚ офицерлері ҚР "Р" азаматы мен "С" азаматын ұстады, олардан 3,43 гр салмақты "гашиш" және 0,84 гр салмақты "кептірілген марихуана" есірткі құралдары табылды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен көзделген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, 8 наурызда " Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан контрабандалық тасу арқылы өтпек болған 7,7 грамм салмақты "кептірілген марихуана" есірткісімен сол елдің азаматы ұсатылды.
Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
Экономикалық тергеу қызметі.