Date of publication: 21.11.2017 10:24
Date of changing: 21.11.2017 10:28

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 санаты үшін:

жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)      В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)      мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6)      жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7)      ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

C-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-5

83282

112430

C-R-4

73288

99105

 

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  26 қараша  2017 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға қатысу және орындалуын жүзеге асыру. Басқарманың, бөлімнің қызметі бабында өтетін семинар кеңестерге қатысу және бақылау жасау. Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзған Мемлекеттік кірістер органының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік тексеру өткізілуін қадағалау. Қызметтік тексеру қорытындысын департаменттің ішкі қауіпсіздік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшелеріммен келісімімен жасау. Тәртіптік тәжірибе бойынша бұйрықтардың ішкі қауіпсіздік және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшелерінің келісімімен құрылып, тіркелуіне бақылау жасау. Тәртіптік жауапқа тартылған және жағыссыз себептермен жұмыстан босатылған лауазымдық тұлғалардың мониторинг тізімін дайындау. Заң шеңберінде Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде функционалды міндеттерін іске асыруды заң шеңберінде жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді бақылау. Бөлімге қатысты келіп түскен хаттар, шағымдар мен салық төлеушілердің өтініштері, тұлғалардың сауалдары жауап берілуіне бақылау жасау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары бойынша сенім телефоны, электронды шағым кітабы арқылы келіп түскен уақытылы тіркеу алып тексеру жүргізеді. Құқық қорғау органдарымен қызмет істеу және жүргізілген қызметтік тергеу және қызметтік тексеру бойынша есеп беру. Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлер айқындалған болса құжаттарды Құзетті органдарға ұсыну. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және жанжақты қарау  қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алу Қазақстан Республикасы заңдылықтарында бекітілген тәртіппен орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің жарлығы, қаулысы, өкімі ҚР ҚМ МКД бұйрықтарымен тапсырмаларын Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің дұрыс және уақытылы орындалысын қадағалау. Қызметтік қажеттілікке байланысты бөлімге міндеттелмеген қызметтерді бөлім басшысының тапсырысын орындау.   

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім -  құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

2. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік уақытша, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  30 сәуір 2020 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау.  2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау.  Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

3. Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірірстер басқармасы«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)        осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)        3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)        бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)        еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)        құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)        конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағиданың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1)        осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)        тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3)        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында          жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), есептеледі.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

 

Шағым жасау тәртiбi:

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата