Date of publication: 19.09.2018 17:21
Date of changing: 21.09.2018 11:25

Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтөлеушілердің назарына төмендегіні жеткізеді.

Жеке тұлғалар, яғни жылжымайтын мүліктің (тұрғын үй, жерлер, ауылдық үйлер, гараждар және басқада ғимараттар, оларға меншік құқығында тиесілі) әр иесі жыл сайын мүлік салығымен жер салығын осы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі қажет.

Салық кодексінің келтірілген өзгерістеріне сәйкес жеке тұлғаларға 01.01.2018ж. бастап жер салығымен мүлік салығын төлеу мерзімдері өзгерді.

Салық кодексінің 532 бабының 6 тармағына сәйкес, егер осы баптың 7 тармағында өзге өзгерістер орнатылмаса, бюджетке салық төлеу объектілердің орналасқан жері бойынша жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеу жүргізіледі, есепті салық кезеңінен кейін, яғни 2017 жылдың салығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін төлеу жүргізіледі.

Салық кодексінің 515 және 533 баптарына сәйкес жеке тұлғаларға мүлік салығын есептеу үшін салық мерзімі жылдық күнтүзбенің 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.

117 баптың 2т., 2т. сәйкес салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл жүретіндігін ескертеміз.

Осыған байланысты, барлық жеке тұлғаларды өткен жылдар бойынша қарыздарды өтеуге шақырамыз , және де уақытылы 2017 жылдың мүлік пен жер салығын 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлем жүргізулері керек.

 

Ақтау қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы