
Ақтау халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қызметкерлері Түркиядан, сомасы 30 миллион теңгеден асатын алтын және күміс зергерлік бұйымдарын әкелудің үш ірі контрабандалық каналдарының жолын кесті.
Осылайша, "Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ҚР азаматтары ұсталып, жеке заттар мен жүктерін қарау кезінде жасырылған зергерлік бұйымдар табылған.
Осылайша, аталған азаматтар салмағы 10 кг тартатын зергерлік бұйымдарды кедендік бақылаудан жасыру арқылы заңсыз әкелуге тырысты.
Сонымен қатар, ЭТҚ және "Морпорт" кеден бекетінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Ақтау теңіз портында Біріккен Араб Әмірлігінен заңсыз әкелуге әрекет еткен халық тұтынатын тауарлардың, атап айтқанда, көліктің қосалқы бөлшектерінің ірі партиясы ұсталды. Көлемі 50тонна болатын 500ден аса тауарлар атауы тәркіленді.
Барлық фактілер бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Экономиалық тергеу қызметі