Жарияланған күні: 11.08.2023 12:58
Өзгертілген күні: 11.08.2023 13:00

«Автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу нысаны мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық (бұдан әрі- Жоба).

Көрсетілген бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу болып табылады, онда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар терминін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар деп ауыстыру көзделеді.

 Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2023 жылғы 8 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14661400