
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық,
әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты
негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
C-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
C-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-4 |
109932 |
148242 |
C-О-5 |
83282 |
112430 |
C-R-3 |
96607 |
129920 |
C-R-4 |
73288 |
99105 |
І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-12-11, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету және ұйымдастыру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру; Департамент бөлімшелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөлімшелерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру және олардың қызметіне бақылау жасау; барлық құпия жұмыс түрлерін жүргізу кезінде құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру; құпия іс жүргізу; Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды әзірлеу; мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттармен жұмыс жасауға рұқсат берілген Департамент қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері).
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимін қамтамасыз ету; Департамент бөлімшелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөлімшелерін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету; барлық құпия жұмыс түрлерін жүргізу кезінде құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру; құпия іс жүргізу; Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды әзірлеу; мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттармен жұмыс жасауға рұқсат берілген Департамент қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері).
3. Тарифтік реттеу басқармасы Кедендік құн бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департамент басшылығының және Басқарма басшысының, Бөлім басшысының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін уақытылы орындайды. Бөлімге жүктелген міндеттерден туындайтын жұмыстарды атқарады. Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін уақытылы және объективті қарауды жүзеге асырады; Кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан республикасының кеден заңнамасына сәйкес, кедендік құн бойынша қосымша тексерулер жүргізу және кедендік құнды анықтау бойынша бақылауды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу. Бөлім құзыретіне енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.Қамтамасыз ету түрлері бойынша ТАИС-2 көрсеткіштер базасына енгізу арқылы кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз ету кәртішкелерін ресімдеуді жүзеге асырады. Қамтамасыз ету түрлері бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік баждар мен төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету есебін және бақылауды жүзеге асырады. Операция жүргізілген құрылымдық бөлімшенің мәлімдемесі негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан кедендік баждар, салықтар төлемін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің орындалмауы жағдайында, тиісті кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдар төлемі туралы талап қояды. Кедендік баждар, салықтар, кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары сомаларының есебін қамтамасыз ету бойынша реестрді қалыптастыруды бақылау. Белгіленген нормалар бойынша есептілікті дайындауды жүзеге асыру. Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексеру жүргізеді.Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен түсетін аналитикалық және есептік ақпараттарды дайындайды, жинақтайды және қорытады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттер мен құқықбұзушылықтарды болдырмау. Мемлекетік қызметтерді ұсынуда сәйкес регламенттер мен стандарттарды қолдану.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология).
4. Тарифтік реттеу басқармасы Тауарлар жіктемесі бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департамент басшылығының және Басқарма басшысының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін уақытылы орындайды. Бөлімге жүктелген міндеттерден туындайтын жұмыстарды атқарады. Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін уақытылы және объективті қарауды жүзеге асырады; Кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бөлім құзыретіне енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Тарифтік реттеуді қолдану шараларының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі, тауарлардың шығарылған елін анықтау, кедендік баждар мен салықтардың ставкаларын қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар ұсыну). Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыру. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру, және тауарлардың шыққан елін анықтау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау бойынша алдын-ала шешімдер, тауарлардың жіктелімі бойынша алдын-ала шешімдер, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша классификациялық шешімдер қабылдайды және Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер бақылауды жүзеге асырады. Бекітілген нормаларға сәйкес есептер дайындау. Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексеру жүргізеді. Бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен түсетін аналитикалық және есептік ақпараттарды дайындайды, жинақтайды және қорытады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттер мен құқықбұзушылықтарды болдырмау. Мемлекетік қызметтерді ұсынуда сәйкес регламенттер мен стандарттарды қолдану.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология).
5. Кедендік бақылау басқармасы Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (С-О-5, 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 03 қыркүйек 2019 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Тыйым салулар мен шектеулерге жататын тауарлар, сонымен қатар зияткерлік меншік объектілерінің бұзушылық белгілері бар тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселесі бойынша Департаменттің кеден бекеттерінің қызметіне бақылау жүргізу; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент кеден бекеттерінің қызметтеріне тиімділікті бағалауды өткізу; Тыйым салу мен шектеуді, зияткерлік меншікті сақтау, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметтерін атқаратын тұлғаларға кедендік бақылау жүргізу және Бөлім құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша кеңес беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізу және ұйымдастыру бойынша кеден органдарына практикалық және методикалық көмек көрсету; Кедендік бақылау жүргізу кезінде заңнамаларды сақтау бойынша, сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану, кеден құжаттарының электрондық көшірмелерінің мәліметтер базасына мониторинг және талдау жүргізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерге және уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне кедендік бақылау жүргізу, жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерге және уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне кедендік бақылауды жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді дайындау үшін ұсыныс енгізу;. Уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, кеден қоймалары және бажсыз сауда дүкені иелерінің реестрін жүргізу; Кеден ісі саласындағы қызметтерін атқаратын тұлғалар бақылау мәселесі бойынша, уәкілетті экономикалық операторлардың қызметтерін бақылау және жүргізу, мониторингтеу мәселесі бойынша, тыйым салу мен шектеуді, зияткерлік меншікті сақтау және Бөлім құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Уақытша сақтау қоймалары мен орындары, бажсыз сауда дүкендері, кеден және еркін қоймалардың Евразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкестігіне үй жайлар мен аумақтарда кедендік тексеру жүргізу; Үй жайлар мен аумақтарда кедендік тексеру актілерін толтыру, уақытша сақтау қоймалары мен уақытша сақтау орындары, бажсыз сауда дүкендері, кеден қоймалары иелерін реестрге кіргізу туралы, сонымен қатар олардың қызметін тоқтата тұру туралы және реестрден шығару туралы бұйрық дайындау; Евразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың сәйкестігіне қорытынды береді; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкес кеден өкілдерінің кедендік рәсімдеу бойынша мамандардың қызметіне бақылау жүргізу; Уәкілетті экономикалық операторлар реестріне тіркеу үшін өтініш берген тұлғалар туралы ақпаратты ҚР ҚМ МКК жібереді; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялау жөніндегі маманды аттестаттауды жүргізеді; Кедендік рәсімге тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтату бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
6. Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірірстер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау. Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
7.Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01 қаңтар 2020 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау. 2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).
8. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірірстер басқармасының Камералдық бақылау бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жүргізу, жүктелген барлық міндеттердің, сонымен қатар орталықтан жоғарыдағы Мемлекеттік кірістер комитетінен, жергілікті билік органдарынан, құқыққорғау және бақылау органдарынан келіп түсетін тапсырмаларына сай ақпараттар мен есептілік мәліметтердің берілуінің дер кезде әрі сапалы орындалуына бақылау жасау. Автоматтандырылған камералды бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды ұсынуды, . автоматтандырылған камералды бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды қолдануды бақылау (ЕХD) камералды бақылау нәтижелерін өңдеу бойынша, салық төлеушілердің банктік шотындағы шығын операциясын тоқтатуды бақылау. Өз құзыреті аясында салықтық заңнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Облыстың Мемлекеттік кірістер департаментінің өзге Басқармаларымен жұмысты үйлестіру. Басқарма қызметкерлерінің біліктілік деңгейін техникалық оқытулар, семинарлар өткізу, ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарының және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этиканы сақтауын тиісті дәрежеде орындау, мемлекет мүлкін сақтау және күтіп ұстау арқылы, бірлескен шараларды атқару арқылы көтеру. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығының тапсырмасына сай Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді орындау, Басқарма қызметкерлерінің еңбектік және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).
9. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірірстер басқармасының «Салық төлеушілерді тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 19 қаңтар 2018 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Салық мәселелері бойынша заңнама актілерін сақтауға. Кіріс құжаттарды уақытында қабылдау, тіркеу, шығыс құжаттарды тіркеу және беру бойынша бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарын жүргізеді. (Қарбалас кезеңде ҚР ҚМ СК Төрағасының 25.12.2006ж. №666 Бұйрығымен бекітілген салық органдарының ақпараттарын қабылдау және өңдеу Орталықтарының жұмыс істеу Ережесіне сәйкес жұмысты жүзеге асырады). Салық заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілердің шағымдарын қарау және қорытынды беру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тіркеу сипатындағы құжаттарды өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша куәлігін тіркеу. Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық салуға байланысты нысандар мен салық салу нысандарын есепке алуды тіркеу кәртішкелерін өңдеу. 2-Н есебін дұрыс қалыптастыру үшін әкімшілік өндіріп алу сомасын төлеу туралы мәліметтерді ҚР БАСЖ ДБ-на (ЭКНА – өндіріп алу есебі) уақытылы және дұрыс енгізу. ҚР Заңнамалық актісіне сәйкес жүктелген өзге де қызметтік талаптарды орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).
10. «Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 16 қаңтар 2020 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу, салықтық емес түсімдердің түсуін қамтамасыз ететін салық заңдылықтары мен басқа да құқықтық нормативтік актілердің орындалуына бақылау жүргізу. Ұжымда жұмыс жасай білу, бірыңғай корпоративтік рухты құру қабілеттілігі, үйірімділік, орындаушылық, жеделдік және талапкершілік қабілеттерге ие болу. Жоғары моральды, этикалық және іскерлік сапасы болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 5 қабат, акт залында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
Әңгімелесуді өткізу тілі_____