Жарияланған күні: 26.05.2023 18:01
Өзгертілген күні: 26.05.2023 18:02

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасына

Баспасөз-хабарламасы

     Астана, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан стационарлық сауда объектілерінде Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағы шеңберінде «такс фри» жүйесіндегі сауда қызметі субъектілерінде және «такс фри» жүйесінің операторы арасында жасалған «такс фри» пилоттық жобасына қатысу туралы шарт негізінде және Алматы, Астана және Түркістан облыстарының халықаралық әуежайларында «такс фри» пилоттық жобасын іске асыру жүргізілуде.

       Сонымен бірге, Шымкент қаласының әкімдігі бизнес өкілдерінің пилоттық жобаға қатысуға мүдделілігі мен дайындығын білдірді (Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы
№ 36-02/3933 хаты)
. Туристік нарықтағы түрлі маршруттар Түркістан, Тараз, Ташкент, Самарқанд қалалары арқылы Азия мен Еуропаны жалғайтын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізі өтетін Шымкент қаласына тікелей жақын орналасқан «Ұлы Жібек жолының» ірі маршруттарында өтеді.

      Бұдан басқа, қала аумағында Қазақстан Республикасының туристік картасының топ-50 құрамына кіретін «қала ішіндегі қала» деп аталатын «Цитадель» қорғаны орналасқан. Шымкент қаласының маңында қасиетті Түркістанның Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Ежелгі Отырар қалалары, Шахристан Тараз және Айша бибі кесенелері орналасқан.

     Осылайша, географияның кеңеюін және пилотқа қатысушылардың санын кеңейтуді ескере отырып, нормативтік-құқықтық актінің жобасымен пилоттық жобаны жүргізу мерзімін 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 18 айға ұзарту ұсынылады. Сондай-ақ, географияны кеңейтуді және пилоттық жобаны өткізу мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартуды пилоттық жоба операторы «Global Blue Қазақстан» ЖШС халықаралық компаниясы қолдайды.

     Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы құралдарын бөлуді талап етпейді. Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

     Іске асырудың мақсаты Қазақстанда туризмді дамыту және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің («такс фри») аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу арқылы шетелдік туристерді тарту болып табылады.

     Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

     Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында,
сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).

     Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 8 маусымға дейін.