Жарияланған күні: 18.03.2017 12:24
Өзгертілген күні: 18.03.2017 12:24

Маңғыстауда лауазымды тұлғалар атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойды.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, бюджет қаражатын ұрлау қылмыстық схемаларын анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап Маңғыстау облысының Қарақия және Мұнайлы аудандарында мектеп  және инженерлік-коммуникациялық құрылыстар салу кезінде орындалған жұмыстың жалған актісін рәсімдеу арқылы бюджеттен жалпы сомасы 12 миллионнан астам теңге ұрлаудың 2 фактісі анықталды.

Тергеу барысында 10 миллион теңге көлемінде шығын өндіріліп берілді.

Жалған актілерге қол қойған Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда, материалдар облыстың "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" қызметіне берілді.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Экономикалық тергеу қызметі.