Жарияланған күні: 28.07.2015 16:01
Өзгертілген күні: 28.07.2015 16:01

«Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, контрабандалық есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларына қарсы күрес» тақырыбына 2015 жылғы 27-29 шілде кезеңінде Ақтау қаласында семинар өтеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен өтеді.
Ұғым мен ұйымдасқан трансұлттық қылмыс белгілерін талдау, осы құбылысты қазіргі кезеңде саяси және құқықтық ойлауды дамытуды ескерту процесін жария ету, контрабандамен күрестегі тәжірибемен алмасу және оны таратуға қарсы күреспен қамтамасыз етуші шараларға қатысты ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ контрабандалық есірткі құралдары мен басқа тыйым салынған заттардың халықаралық арнасын табу тәсілдерін анықтау семинардың мақсаты болып табылады.
Семинарға қатысу үшін мынадай сарапшылар шақырылды: Заза Берозашвили, Құқық докторы, ЕҚЫҰ халықаралық сарапшы-консультанты; Азамат Сабырбеков ОАӨАҮО сарапшысы; Джимми Калхаун АҚШ-тағы Есірткімен күрес бойынша басқарманың Ғаламдық оқу командасының (ДЕА) аға оқытушысы; Элизабэт Гэст АҚШ-тағы Есірткімен күрес бойынша басқармасының (ДЕА) сарапшы-химигі; Джером Подорски АҚШ-тағы Есірткімен күрес бойынша басқармасы Академиясының (ДЕА) сарапшы-химигі; Мирко Гюнтер Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасы офисі Басшысының орынбасары; Робин Шаффер есірткімен халықаралық күрес және АҚШ Елшілігінің заңдылығын сақтау бойынша бөлымның басшысы.
Семинар-тренингке шамамен 50 адам қатысады, оның ішінде Азербайджан, Грузия, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, ҚР құқық қорғау органдары; ҚР ҚМ МКК экономикалық тергеу қызметтері; ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталық, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінің бейінді бөлімшелеренің қызметкерлері.