Жарияланған күні: 10.07.2017 12:12
Өзгертілген күні: 10.07.2017 12:13

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» Науқаны жалғасуда

 

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал!» Науқаны жалғасуда.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен ағымдағы жылдың 01 шілдесінде «Wipon» мобильдік қосымшасы арқылы, маусым айы бойынша кезекті ұтыс өтті. Осы кезеңде Маңғыстау облысы тұрғындарымен 19 612 чек жіберіліп, ұтыс ойынына қатысты.

Бағалы сыйлықтардың иегерлері болды:

ID 3666400  Мейірбек – мульти пісіргіш

         ID 3888550  Әсемгүл – электрлі ет тартқыш

         ID 4077648  Александр – блендер

 

және 2000 – нан астам бақылау – кассалық машинасының түбіртектерін жіберген 1 қатысушы ынталандыру жүлдесінің (электрлі шәйнек) иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Атамекен» ҰКП қолдауымен ҚР қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын жалғастырды.

Акцияның мақсаты азаматтардың жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды тұтынушы ретінде құқықтық мәдениетін тәрбиелеу мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау, азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық арттыру болып табылады.

Акция «Атамекен» ҰКП қаржылық қолдауымен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес «Wipon» мобильдік қосымшасы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Акцияға Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, өздері тұтынан тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін жіберу арқылы қатыса алады. Сондай – ақ, егер фискалдық чек берілмеген жағдайда, азаматтар «Wipon» қосымшасы арқылы бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Акция ағымдағы жылдың 1-ші сәуірі мен 30-шы қараша аралығында өтеді. Гранд – финал ҚР қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ойнатылатын болады.

 

Маңғыстау облысы бойынша

мемлекеттік кірістер Департаменті