Date of publication: 12.12.2016 23:37
Date of changing: 12.12.2016 23:38

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

         С-О-6 санаты үшін:     

жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
         жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

C-R-5 санаты үшін:     

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

79 954

101 604

C-R-5

64 960

88 279

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, МКД ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8(7292)301211, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. Аудит басқармасы №1 пост кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және қабылдау; берешектерді өндіру бойынша бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мекемелердің есеп шоттары бойынша ақша қозғалысына қатысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес банк құпиясы бар ақпараттар мен құжаттарды банктерден сұрату және қабылдау.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу),  жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика).

2. Аудит басқармасы №2 пост кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік.

3. Өткізу пункттерінің мониторингтеу өңірлік басқармасы бейне-мониторингтеу бөлімінің жетекші маманына (С-О-6, 1 бірлік,).

Функционалдық міндеттері: кеден одағы кедендік аумағында өткізу пунктерін бейнебақылау жүйелерін қолданып бейне мониторингтеуді қамтамасыз етеді; тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде штаттан тыс жағдайлардың туындауын анықтау, алдын алу және жедел әрекет ету; Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер алады және қорытындылайды; Комитетке есептіліктің уақытылы және дұрыс ұсынылуын жүзеге асыру; бөлімге жүктелген міндеттерден туындайтын басқа да жұмыстарды атқару.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау және сертификаттау).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), информатика және есептеу техникасы (электрондық есептеу машиналарының операторы, техник электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсететін техник, электрондық-есептеу машиналарын баптаушы), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

4. Өткізу пункттерінің мониторингтеу өңірлік басқармасы автоматтандырылған және бағдарламалық-техникалық құралдар бөлімінің жетекші маманына С-О-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  07 маусым 2019 жылға дейін)

Функционалдық міндеттері: кедендік-транзиттік жүйенің көрсеткіштер базасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі интеграциясын мониторингтеу; транзиттік декларациялардың электронды көшірмелерінің кедендік-транзиттік жүйеде белгіленген талаптарға сәйкес толтырылуына тексеру жүргізу; кедендік транзит рәсіміне сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар және көлік құралдары туралы мәліметтерді қорыту; кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталуымен байланысты операциялар мониторингін жүзеге асыру; кеден бекеттерінен келіп түсетін аналитикалық және есептілік ақпараттарды жинақтау және қорытындылау, Комитеттің ара қашықтықта мониторингтеу басқармасын есептілік және жедел көрсеткіштермен қамтамасыз ету; КТЖ-мен жұмыс кезінде штаттан тыс жағдайлардың туындауына жедел әрекет ету; қызметтік құжаттаманың дұрыс жүргізілуін және сақталуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау, сертификаттау және метрология.

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), информатика және есептеу техникасы (электрондық есептеу машиналарының операторы, техник-бағдарламашы, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник, электрондық-есептеу машиналарын баптаушы, ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

5. «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің жетекші маманына (С-О-6 1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  05 қазан 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден бекетінің жедел-кезекшілік ауысымда қызмет ету; халықаралық авиарейстердің кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (бағалау, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

Орта білімнен кейінгі білім -  құқық (құқықтану; құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

6. «Темір-Баба» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманына (С-О-6, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) -(мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике), гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).    

7. «Бейнеу» кеден бекетінің жетекші маманына (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантин); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, автоматтандандыру және басқару, машина жасау; металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); білім (дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, экономика және құқық негіздері).  

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

8. «Тәжен» кеден бекетінің жетекші маманына С-О-6, 7 бірлік, оның ішінде 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  10 маусым 2018 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері:  кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; қызмет қорытындысы бойынша есептер құру; тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тексеру, автокөлік құралдарын тексеріп қарау; Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығының электронды базасына транзиттік декларациялар (ТД, ХЖТ) бойынша мәліметтер қалыптастыру және енгізу және оларды Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығынан есептен шығару; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, автоматтандандыру және басқару, машина жасау, металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), білім (құқық және экономика негіздері).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

9. «Тәжен» кеден бекетінің санитариялық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманына С-О-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  04 тамыз 2018 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике),  гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).

10. «Болашақ» кеден бекетінің жетекші маманына (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.

11. Бейнеу ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  15 қыркүйек 2018 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері, информатика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

12. Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы (, С-R-5 , 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау. 2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау.  Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

13. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  15 шілде 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау.  2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

 Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

14. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы (С-R-5, 1  бірлік).

Функционалдық міндеттері: бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

15. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс  бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 , 1 бірлік).       

Функционалдық міндеттері: Салықтық міндеттемелерді орындау негізінде салықтық бақылауды жүргізу, басқармада бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау  , басқармада бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату, артық төлемдерді жойылу негізіне  іс-шаралар өткізу,облыстық территорияльдық салық басқармаларымен ұсынылған  бектіліген талаптарға сай келмейтін есептілікпен ақпараттарды қайта қаралуына жіберу және сапасыз ұсынылған ақпараттар үшін лауазымды қызметкерлерді дисциплинарлық жауапкершілікке тарту жөнінде басшылыққа ұсыныс жасау. Салықтық түсімдердің және де басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің бақылауда тұрған салық төлеушілер бойынша түсімдердің динамикасына бақылау жасау анализ жүргізу, басқармада бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау неізінде іс-шаралар өткізу, бекітілген бюджеттік санат кодтары негізінде анализ жүргізу және артық төлемдерді бақылау, артық төлемдер соммасын жойылу негізіне  іс-шаралар өткізу,  уәкілетті органнан алыңған ақпараттарды салық төлеушінің лицевой шотындағы төленген түсімдермен салыстыру. төлем көздерінен ұсталынбайтын КТС және ЖТС бойынша төленген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығын анықтау негізінде салық периоды аралығында және де КТС және ЖТС бойынша салық периоды аралығында  енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан осы период аралығында асуы байқалған салық төлеушілерді анықтау бойынша камералдық бақылау жүргізу. басқармада бектітілген  бюджеттік санат кодтары бойынша болжамды орындау, бекітілген бюджеттік санат кодтары негізіне анализ жүргізу және де артық төлемдерге бақылау орнату, артық төлемдерді жойылу негізіне  іс-шаралар өткізу, КТС бойынша енгізілген фактілік сомманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі  негізінде камералдық бақылау жүргізу. Сот органдарымен жұмыс жасау әкімшілік айыппұлды  мәжбүрлеп өндіріп алу, әкімшілік істі қарау барысында енгізілген, АСР-ды шағын бизнес субъектілерімен дұрыс қолданылуына бақылау жасау. Кең  түрде таралған пайдалы қазбалардың және су асты көздеріндегі жер қойнауын пайдалануылардың келісім-шарттарына салықтық зерттеу жүргізу. Салық төлеушілерден түскен обращение уақытында қарау және оның орындалуын бақылау жасау. Еңбек дисциплинасы мен қызметтік этиканың орындалуын қадағалау.Басқа да міндеттерді орындау, бөлімге орнатылған ҚР Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің поручениесіне сәйкес.Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінімен Мемлекеттік кірістер басқармасы, координация басқа бөлімдермен, салық заңдылықтарын жеке тұлғалармен заңды тұлғаларға түсіндіру. Уақытында қарауды қадағалау,компетенттік және заңдылы қаралу хаттардың шағымдарын салық төлеушілердің.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

16. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушілерді тіркеу  орталығы»  бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 , 1 бірлік).       

Функционалдық міндеттері: Салық мәселелері бойынша заңнама актілерін сақтауға. Кіріс құжаттарды уақытында қабылдау, тіркеу, шығыс құжаттарды тіркеу және беру бойынша бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарын жүргізеді. (Қарбалас кезеңде ҚР ҚМ СК Төрағасының 25.12.2006 ж. №666 Бұйрығымен бекітілген салық органдарының ақпараттарын қабылдау және өңдеу Орталықтарының жұмыс істеу Ережесіне сәйкес  жұмысты жүзеге асырады). Салық заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілердің шағымдарын қарау және қорытынды беру.Жеке кәсіпкерлердің тіркеу сипатындағы құжаттарды өңдеу. Жеке кәсіпкерлердің тіркеу сипатындағы құжаттарды өңдеу. Арнаулы салық режимін қолдануға немесе тоқтатуға салық өтініштерін өңдеу. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін өңдеу және тіркеу. Патент беру. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау, жергілікті және басқа өкілетті органдардың сұратуларына уақытында жауаптарды ұсыну. Әрекетсіз салық төлеушілер бойынша бақылау және талдау жүргізу. Салық заңнамасын бұзушылық материалдары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады . ҚР Заңнамалық актісіне сәйкес жүктелген өзге де қызметтік талаптарды орындау. Салық төлеушілердің жеке шоттарын тіркеу және жабу операцияларын уақытылы жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

17. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (С-R-5 , 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану және салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен сұрақтардың уақтылы қаралуы мен олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары туралы семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этикамен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

         Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), білім (құқық және экономика негіздері); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
         1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

         3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

         6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).    

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, МКД ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.