Date of publication: 19.10.2023 16:30
Date of changing: 19.10.2023 16:33

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бейжің қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 3-ші форумы аясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ МКК) төрағасы Жандос Дүйсембиев үздіксіз сауда жөніндегі тақырыптық форумға қатысты.

Негізгі ұйымдастырушылар ҚХР Коммерция министрлігі, ҚХР Бас кеден басқармасы, ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігі және Қытай Эксимбанкі болды.

Үздіксіз сауда форумына қатысушылар жаһандық өнеркәсіптік тізбектер мен жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қолдау, электрондық коммерция мен «жасыл» сауданы ілгерілету, сондай-ақ кедендік, салықтық және қаржылық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сапар шеңберінде Жандос Дүйсембиев ҚХР Мемлекеттік салық әкімшілігінің комиссары Ван Цзюньмен кездесу өткізді, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі әріптестікті нығайтуға уағдаласты.

ҚР ҚМ МКК төрағасы «Орталық Азия-Қытай» бастамасының кеден қызметтері басшыларының отырысына қатысты.

Кездесу барысында тараптар кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда тараптар: «Бірыңғай терезе» жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы, шекара маңындағы өткізу пункттерін басқару саласындағы ынтымақтастық туралы, интрузивті емес жете тексеру және зияткерлік картографиялық жете тексеру, кедендік тәуекелдерді басқару, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру саласында тәжірибе алмасу бойынша жұмыс топтарын құру туралы уағдаласты.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдері Қытай тарапының сауданы жеңілдету және тауарларды жеткізудің халықаралық тізбегінің қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған, тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар мәселені бірлесіп шешуге және әр Тараптың заңнамасын ескере отырып, Келісімнің жобасын әзірлеуге уағдаласты.

«Орталық Азия – Қытай» кездесу алаңында Жандос Дүйсембиев ҚХР Бас кеден басқармасының Министрі Юй Цзяньхуамен әңгімелесті, онда тараптар қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасында өткізу мүмкіндігін ұлғайту мәселесін талқылады және жақын арада туындайтын проблемалық мәселелерді жедел шешу бойынша жұмыс тетігін құруға уағдаласты.