Date of publication: 12.06.2017 18:28
Date of changing: 12.06.2017 18:32

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

         С-О-6 санаты үшін:     

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-5 санаты үшін:     

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

79 954

101 604

C-R-5

64 960

88 279

 

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, МКД ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8(7292)301211, электрондық адресі A.Kaldybaeva@kgd.gov.kz, zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Кедендік бақылау басқармасы тауарлар жеткізуді бақылау бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 13 наурыз 2018 жылға және 3 наурыз 2020 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департаменттің, Басқарманың, бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының белгіленген тәртіпте және мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді; Кедендік транзиттің кедендік рәсімі бойынша, жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау; Жеткізілмеген тауарлардың орнын анықтау бойынша мәлімет жинақтау және талдау жүргізу;  ХЖТ кітапшасын қолдану арқылы тасымалданатын тауарлардың межелі кеден органына жеткізілмеуі туралы ұлттық кепілдік бірлестігін хабардар ету; Жеткізілмеген тауарларды іздеу; КТЖ ЖБО- да тауарлардың жеткізілуі бойынша мәліметтің жоқ болуына байланысты, межелі кеден органдары мен тасымалдаушыларға хабарлау; Жариялауға  болмайтын  шектеулі  қызметтік  ақпараттарды қорғау, қызметтік міндеттерді орындау барысында алынған мәліметтерді сақтау және жарияламау бойынша барлық талаптарын орындайды; Өзінің құзыреті бойынша, Бөлімнің қызметіне қажетті мәліметтерді және ақпараттарды сұратуға және алуға; Бөлім құзыретіне жататын мәселелерге қатысты заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды бөлім басшысына енгізуге;  Өзінің құзыреті бойынша мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан, Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды сұратуға және алуға; Бөлім құзыретіне жататын мәселелерге қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және басқа іс-әрекеттері сұрақтары бойынша Департаменттің құрылымдық кеден органдарына тексеру жүргізуге; Бөлім құзыретіне жататын мәселелерге қатысты Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуга; Департамент  басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Департаменттің мүдделерін білдіруге; Бөлім құзыретіне жататын мәселелерге қатысты заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды бөлім басшысына енгізуге; Өзінің біліктілігін арттыруға құқылы; Бөлім қызметіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру бойынша, басқа да құқықтары бар;

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау, сертификаттау және метрология).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), техник (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

2. Кедендік бақылау басқармасы кедендік декларациялауды бақылау бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 2 бірлік,  оның ішінде 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 6 тамыз 2018 жылға және 19 қаңтар 2020 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізуде кеден органдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді; Бөлім құзырына енетін, кедендік операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша консультативтік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, кедендік декларациялауды, кедендік тазарту және тауарларды шығаруды, кедендік транзит кедендік рәсімінен басқа, тауарларға кедендік рәсімдерді қолдану және басқа да мәселелерді жүргізеді; Кедендік тазарту кезінде заңнамалардың сақталуына мониторинг және талдау жасайды, кедендік транзит кедендік рәсімінен басқа, кедендік рәсімдердің шарттарын, сонымен қатар ақпараттық технологияларды қолданып, деректер базасынан кедендік құжаттардың көшірмелерін ала отырып жүргізеді; Жұмысты ұйымдастырады және кедендік декларациялаудың тәртібін қолданудың және тауарларды кедендік тазартудың дұрыстығын, кедендік тазартуды жүргізу барысында кедендік тексеріп қараудың дұрыс жүргізілуін бақылайды; Тауарлардың кедендік рәсімдерге кедендік транзит кедендік рнәсімінен басқа орналастыру шарттарының сақталуы және олардың аяқталуы бойынша жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жүргізеді; Тауарларды шығарғанға дейін тауарларға арналған декларацияларға толықтырулар мен өзгертулерді енгізу (тауарларға арналған декларацияларды түзету) тәртібін бақылайды;

Жұмысты ұйымдастырады және кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығару тәртібін бақылайды; Жұмысты ұйымдастырады және тауарларды қашықтықтан шығару тәртібін бақылайды; Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес кедендік тазарту кезінде кедендік бақылау нысандарының қолданылуын бақылайды;

Электрондық декларациялауды енгізу, тестілеуде қатысу және қолданысқа енгізу жұмыстарын енгізеді; Жұмысты ұйымдастырады және тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімінен басқа, кедендік рәсімдерге орналасытыру шарттарының сақталуын, сондай-ақ орналастыру кезінде тауарлар Кеден одағының тауарлары дәрежесін алмаған және іс-әрекеттерінің аяқталуын бақылайды; Кедендік транзит кедендік рәсімінен өзге кедендік рәсімдерге орналастырылған және қолдануы аяқталмаған, кедендік бақылауда тұрған тауарлардың іс жүзінде болуын және мақсатты пайдалануына бақылау жүргізеді; Бөлімнің міндеттеріне енетін тауарларды кедендік тазарту және шығару, тауарларға кедендік рәсімдерді қолдану және бақылау, кедендік декларациялауға қатысты кедендік операцияларды жасау және басқа да сұрақтар бойынша кеден бекеттерінің қызметкерлерін оқытатын семинарларға (тренингтерге) қатысады және ұйымдастырады.Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, арыз және шағымдарын қарастырады; Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша Департаменттің лауазымды адамдарының шешімдеріне, заңсыз іс-әрекеттері мен әрекетсіздігіне берген шағымдарды уақтылы және объективті түрде қарауды қамтамасыз етеді; Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарының және басқа заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, кеден ісі саласындағы халықаралық және  өзгеде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; Сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептілік ақпараттарды жинақтайды, қорытындылайды және Комитетке жібереді;

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау, сертификаттау және метрология),  жаратылыстану ғылымдары (информатика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), техник (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист), білім, халықаралық қатынастар

 

3. Тарифтік реттеу басқармасы тауарлар жіктемесі бөлімінің жетекші маманы С-О-6, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Комитеттің, Департамент басшылығының және Басқарма басшысының, Бөлім басшысының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін уақытылы орындайды. Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін уақытылы және объективті қарауды жүзеге асырады; Тарифтік реттеуді қолдану шараларының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру (сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі, тауарлардың шығарылған елін анықтау, кедендік баждар мен салықтардың ставкаларын қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар ұсыну).  Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыру. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар жіктелімі дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру, және тауарлардың шыққан елін анықтау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау бойынша алдын-ала шешімдер, тауарлардың жіктелімі бойынша алдын-ала шешімдер, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша классификациялық шешімдер қабылдайды және  Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес классификациялық шешімдер бақылауды жүзеге асырады. Бөлімге келіп түсетін кіріс және шығыс хаттарының есебін жүргізеді.  Бекітілген нормаларға сәйкес есепьерді дайындау. Бөлім басшысының, басқармасы басшысының нұсқауы бойынша басқа да қызметтік міндеттерді атқарады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттер мен  құқықбұзушылықтарды болдырмау. Мемлекетік қызметтерді ұсынуда сәйкес регламенттер мен стандарттарды қолдану.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау, сертификаттау және метрология), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), техник (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист), білім, халықаралық қатынастар.

 

4. «Ақтау-КРО» кеден бекетінің жетекші маманына С-О-6, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  22 қыркүйек 2017 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік  еріп жүруді жүзеге асыру, теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге бақылау жасау; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және спорт), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу,  стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көлік техника және технологиялар, құрылыс, машина жасау,  технологиялық машиналар және жабдықтар), қызмет көрсету (бағалау).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), темір жол көлігінің жедел  технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану (жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану, техник-механик), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист), есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, электрондық есептеу машиналарының операторы, техник, техник-электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

5. «Морпорт» кеден бекетінің жетекші маманына С-О-6, 4 бірлік, оның ішінде 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 16 қаңтар 2018 жылға  дейін).

Функционалдық міндеттері:  тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; теңіз кемелерінің келуін және кетуін ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; транзит рәсімі бойынша тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын ресімдеу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); жаратылыстану ғылымдар (химия); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

Орта білімнен кейінгі білім:  құқық (құқықтану; құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, электрондық есептеу машиналарының операторы, техник, техник-электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

6. «Бейнеу» кеден бекетінің жетекші маманына (2 бірлік, С-О-6 санаты).

Функционалдық міндеттері: өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантин); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, автоматтандандыру және басқару, машина жасау; металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); білім (дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, экономика және құқық негіздері).  

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист), есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, электрондық есептеу машиналарының операторы, техник, техник-электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

7. «Темір-Баба» кеден бекетінің санитарлық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманына (С-О-6, 2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) -(мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике), гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).    

 

8. «Тәжен» кеден бекетінің жетекші маманына С-О-6, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:  кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; қызмет қорытындысы бойынша есептер құру; тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделген мәліметтерді тексеру, автокөлік құралдарын тексеріп қарау; Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығының электронды базасына транзиттік декларациялар (ТД, ХЖТ) бойынша мәліметтер қалыптастыру және енгізу және оларды Кедендік транзиттік жүйе жедел басқару орталығынан есептен шығару; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология, көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, автоматтандандыру және басқару, машина жасау, металлургия, технологиялық машиналар және жабдықтар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), білім (құқық және экономика негіздері).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, электрондық есептеу машиналарының операторы, техник, техник-электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

9. «Болашақ» кеден бекетінің жетекші маманына (С-О-6, 3 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  өз құзыреті шегінде кеден ісі туралы сұрақтары бойынша сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға кеңес береді; инспекциялық-қарау кешенін қолданып темір жол құрамына (состав) тексеру жүргізу; транзиттік пойыздарды, транзиттік декларацияларды және экспорттық декларацияларды ресімдеу; кеден бекетінің қызмет қорытындысы бойынша есептер, жиынтық-талдамалы анықтамалар, ақпараттар дайындау; кеден ісі саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысу, халықаралық терроризммен күреске ықпал ету бойынша арнайы кедендік шаралар жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология; көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс,  автоматтандандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, технологиялық машиналар және жабдықтар); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, электрондық есептеу машиналарының операторы, техник, техник-электроник, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

10. Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне  15 шілде 2019 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау.  2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.

 Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

 Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

11. Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің жетекші маманы С-R-5, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бекітілген талаптарға сәйкес белгіленген мерзім ішінде салық есептерін сапалы және уақтылы енгізу жұмысын жүргізу. Тіркеу құжаттарын қабылдау, өңдеу және салық төлеушілерге беру. Қате енгізілген құжаттарды өңдеу. Салық есептері нысандарын ақпараттар жүйесіне ензгізу регламентін қатаң сақтау. Белгіленген мерзімде салық есептерін тапсырмаған мекемелер тізімін жасақтау, салық төлеушілерге әкімшілік шаралар қолдану (хабарламалар табыстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру). Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлердің декларацияларын және ай сайынғы ойын бизнесі есебін қабылдау. «Бір терезе» принципі арқылы заңды тұлғалардың салық төлеуші ретінде тіркелуін жүзеге асыру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстарын жүргізу. ҚҚС төлеушілерді тіркеу және тіркеуден шығару. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің есеп бетшелеріндегі салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдар, сонымен қатар, өсімпұлдар мен айыппұлдар (есептелген, кемітілген) және түскен (қайтарылған, есепке жатқызылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуін бақылау. Қазынашылық органдарынан келіп түскен төлем құжаттарының реестрін әр-бір бюджет кірісінің код сыныптамасы бойынша бөлек есеп жүргізу. Салық төлеушілердің арыздары бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді қайтару және есепке жатқызу жұмыстарын жүргізу. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын арызсыз есепке жатқызу. Салық төлеушінің орналасқан жері немесе қызмет ету жері өзгерген жағдайда, сонымен қатар, заңды тұлға қайта құрылған кезде жеке шоттарын есебін жүргізу және табыстау. Салық төлеушінің арызы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) бюджет алдындағы салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдар  бойынша  берешегінің  жоқ  немесе  бар  екендігі  туралы  анықтама беру. Жеке шоттарды ашу және жабу және жеке шоттары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік іс құжаттарын қарау нәтижесінде, салынған әкімшілік айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіру бойынша сот органдарымен жұмыс жүргізу. Салық төлеушілер құқығы мен мемлекет мүддесін сақтау және қорғау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының толықтай және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. ҚР заңнамаларында көзделген басқа да қызметтерді атқару.

         Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология).

         Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, МКД ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

 

Нысан

 

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

 

________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 


 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата