Date of publication: 18.07.2018 13:57
Date of changing: 18.07.2018 13:57

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

         С-О-6 санаты үшін:     

жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,

аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6

79 954

101 604

 

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, МКД ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8(7292)301310 /вн.1184, 1085/, электрондық адресі zh.alpysbaeva@kgd.gov.kz  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 

1. «Ақтау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жоғарғы органынан түскен және Департаменттің тапсырмалары мен нұсқауларын бекітілген тәртіпте және уақытында орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік тазарту жүргізуге кеден бекетінің арасында жауапты маманды кәсіби даярлықтан жоғарылату мақсатында әдістемелік оқулар жүргізеді; тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеуді Астана-1 АЖ қолдана отырып, рәсімдер бойынша «кедендік транзит» жүргізеді; мемлекеттік органдар мен басқа да заңды тұлғалардың бекеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерін қарау; кедендік тексеру актісін сапалы толтыру; кедендік рәсімдеудің кедендік тексеру уақытын бақылау; кеден заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау, әкімшілік материалдарын рәсімдеу және дайындау; Қоймадағы тауарлардың және көлік құралдарының кедендік рәсімдер бойынша мониторингің жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған рұқсат қағаздың, лицензияның, сертификаттардың болуы және дұрыс ресімделуін тексеру, сонымен бірге ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерін өтуді растайтын мәліметтерді тексереді; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

Орта білімнен кейінгі білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыз ету (техник-бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

2. «Морпорт» кеден бекетінің жетекші маманы (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; кеден органының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданып кеден бекетінің кедендік және арнайы статистикасының электронды базасын қалыптастыру; теңіз кемелерінің келуін және кетуін ресімдеуді жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу; транзит рәсімі бойынша тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын ресімдеу; кеден ережелерін бұзу фактілерін табу кезінде контрабанда нысандарын және көлік құралдарын жібермеу шараларын қабылдайды, контрабанда нысандарын тасымалдаған тұлғаларды табу жұмыстары, жасалған контрабанда фактілері бойынша қажетті құжаттарды ресімдейді және осы туралы кеден бекетінің басшысына баяндайды; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. 

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар (машина жасау, органикалық заттардың химиялық технологиясы), білім (математика, дене шынықтыру және спорт).

Орта білімнен кейінгі білім:  құқық (құқықтану; құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика), темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (техник), ақпараттық жүйелер (техник-бағдарламашы, техник).

 

3. «Темір-баба» кеден бекетінің санитариялық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы С-О-6,  1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу. 

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) -(мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике), гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).    

 

4. «Тәжен» кеден бекетінің санитариялық-карантиндік бақылау бойынша жетекші маманы (С-О-6,  1 бірлік, уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 04 тамыз 2018 ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру; көлік құралдарында жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулар белгілері бар тұлғаларды анықтау, жұқпалы және (немесе) паразиттік аурулармен ауырған тұлғалар анықталған кезде санитарлық-эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін шұғыл хабардар ету; бақылауға алынған тауарлар мен көлік құралдарына, контейнерлерге, сонымен бірге жұқпалы аурулар таратушылардың (жәндіктер, тірі және өлі кеміргіштер және олардың болған іздері) болуына қатысты санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу.

Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (мейірбикелік іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

Орта білімнен кейінгі білім - емдеу ісі (фельдшер), медбикелік іс (жалпы практикадағы медбике),  гигиена және эпидемиология (гигиенист- эпидемиолог).

 

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

         Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, МКД ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

      Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________
_________________________________________________________________________

________                                                                 ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Әңгімелесуді өткізу тілі_____

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата