Date of publication: 13.06.2019 17:02
Date of changing: 13.06.2019 17:06

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

 

 

         С-О-4 санаты үшін:

         жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

         C-R-2 санатты үшін:

         жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

C-R-3 санатты үшін:

жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

                       109898

148300

C-R-2

127418

172368

C-R-3

96607

129920

 

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-13-10 /1184/, электрондық адресі a.kaldybaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Камералдық мониторинг басқармасы №1 камералдық мониторинг бөлімінің  басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

          Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық етуді жүзеге асырады; Бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындау бойынша Бөлімның жұмысын ұйымдастыру үшін дербес жауапты; Бөлім туралы ережені әзірлейді; Бөлім қызметкерлерінің міндеттер шеңберін белгілейді; Бөлім қызметкерлерінің өзара бір-бірін алмастырушылығын айқындайды; Бөлімнің жұмыс жоспарын жасақтайды; Бөлімнің құзыреті шегінде камералдық бақылау нәтижелерін өңдеу жұмыстарын бақылау және үйлестіру; камералдық бақылау нәтижелеріне талдау жүргізілуін бақылау; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер бөлімларына (бұдан әрі – АМКБ) тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету; Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларын түсіндіруді жүзеге асыру; Бөлімнің құзыреті шегінде салық төлеушілердің өтініштерін, мемлекеттік уәкілетті органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету; Басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады; баяндамаларды, анықтамаларды дайындауға және ҚР ҚМ МКК-не және Маңғыстау облысының Әкімі аппаратына ақпараттарды ұсынуға қатысады; салық заңдарын түсіндіру, соның ішінде түсіндіру сипатында хаттарды қарау;  камералдық бақылауды жүзеге асыру бойынша аудандық мемлекеттік кіріс басқармаларының жұмысын бақылау және үйлестіру; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша камералдық бақылау жұмысын өтеу тиімділігін қамтамасыз етуді бақылау; салықтөлеушілер мен азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарайды; жоғарғы және құқық қорғау органдарына ақпараттарды уақытылы және сапалы беру үшін жауапты; Бөлім қызметкерлерінің құқыққа қарсы іс-әрекеттеріне байланысты салық төлеушілердің шағымдары мен келіспеушіліктерін қарайды, Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтарына жол бермеу үшін пәрменді шаралар қабылдайды; Департаменттің басқа бөлімдерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуді бақылау, бірлескен іс-шараларды орындау, бірлескен тексерулерді және өзге де шараларды жүргізу; салық төлеушілердің құқықтары мен мемлекет мүддесін қорғаудың сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 30-бабы ережелеріне сәйкес салық құпияларын қатаң сақтау; кәсіби деңгейін арттыру мақсатында салық салу мәселелері бойынша нормативтік актілерді үнемі оқып-үйрену; Бөлім құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық органдары жұмысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру және ұйымдастыру; өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік құпиядан тұратын ақпараттарды қорғау жөнінде жұмыстарды жүргізу.

         Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

2. Өндірістік емес төлемдер басқармасы уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің басшысы (С-О-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Бөлім жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады; Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді, олардың өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды; Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және оларды басшыға бекітуге ұсынады; Бөлімде орындалудағы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тапсырмаларының, бақылау тапсырмаларының және өзге де құжаттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді; Салық заңнамасының сақталуын, есептеудің дұрыстығын, өндірістік емес төлемдердің толық және уақтылы түсуін бақылайды. Жетекшілік ететін БСК бойынша Бөлімнің құзыреті шегінде мүлік салығын, жер салығын, көлік құралдарына салықты, сондай-ақ бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органдардың ұйғарымы бойынша салық төлеушілерді салықтық тексеруді жүргізу; Бөлім құзыреті шегінде уәкілетті органдардың бақылау актілеріне, салықтық тақырыптық тексеру актілеріне талдау жүргізу; Бөлім құзыреті шегінде анықталған салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; Тіркелмеген төлеушілерді және салық салу объектілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді; Уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша қызметін бақылауды жүзеге асыру; Ойын бизнесі салығын және тіркелген салықты төлеушілерді әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету; Бөлім құзыретіне кіретін салықтар және өндірістік емес төлемдер бойынша болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету; Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерінің түсімдерін қамтамасыз ету адамдарды, тұтастай алғанда, облыс бойынша; Болжамнан неғұрлым елеулі ауытқулардың себептерін анықтау, сондай-ақ сондай-ақ бересі мен артық төлеу динамикасын оның қалыптасу, ұлғаю немесе төмендеу себептерін көрсете отырып бақылау; Өндірістік емес түсімнің түсуі туралы жиынтық ақпарат жасау; Алымдар мен төлемдер бойынша күтілетін түсімдер туралы мәліметтер жасау облыс бойынша жеке тұлғалардың басқа да салық; Салықтық бақылауды жүзеге асыру уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтерін талдауды зерделеу негізінде жеке тұлғалардың міндеттемелерін; Сипатты бұзушылықтар көрсетілген шолу хаттарын дайындайды; Бөлім құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктеме береді және түсіндіруді жүзеге асырады; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің өткізілетін тексерулеріне қатысады; ҚР ҚМ МКК, Департамент басшылығының, басқа да мемлекеттік органдардың қарауына келіп түскен тапсырмаларын, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен азаматтардың өтініштерін сапалы орындайды; Бөлім жұмысының қорытындысын жүргізеді, департамент басшысының орынбасарына, басқарма басшысына анықтамалар, ақпараттар, баянжазбалар дайындайды; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің хаттарына, шағымдарына және өтініштеріне жауап дайындайды және оларды "заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңға сәйкес орындалуын бақылайды»; Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан жіберілетін құжаттарға қол қояды; Салық төлеушінің құқығын сақтайды; Мемлекет мүддесін қорғайды;Салық кодексінің ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтайды; Өзге де функцияларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

 3. «Ақтау – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшы орынбасары  (С-О-4, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, еріктері мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, кеден бекеті құзырына кіретін сұрақтар бойынша азаматтардың өтініштерін, арыздарын заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарайды;Белгіленген тәртіпте кеден бекетінің қызметі аумағында тіркелген ұйымдар мен кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметіне бақылауды жүзеге асырады; Кеден бекеті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен іскерлік сапасын ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерін кеден бекеті қызметінің бағыттары бойынша бөледі; Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты сақтауына қадағалауды жүргізеді;  Кеден бекеті жұмысының тоқсан сайынғы, жылдық жоспарларын қарайды және келісім береді; Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің және барлық жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыру бойынша жұмысты бақылау; Адам ресурстары басқармасымен бірге жаңадан қабылданған қызметкерлерге тәлімгерлерді бекітеді; Өз өкілеттілігінің шегінде СЭҚ қатысушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша кеңес береді; Кеден бекетінде қызметкерлермен өз функционалдық міндеттерін орындау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша  қадағалауды жүзеге асырады; Кеден бекетінің қызметтік жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасының, ай сайынғы есеп беру құжаттарының және аналитикалық анықтамаларының дайындалуына бақылау жүргізеді; Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының бұйрықтарының, нұсқауларының және өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органың алдындағы міндеттерді орындау үшін кеден бекетінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа бағытталған жұмыстарды болдырмауға қатысты тәрбие жұмыстарын жүргізеді; Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында күші бар заңдарды басшылыққа алуға, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіптерін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды  сақтауға міндетті; кеден бекетінің құзырына енетін басқа да міндеттерді орындау.  

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

4. «Морпорт» кеден бекетінің басшы орынбасары  (С-О-4, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Орындау және танысу үшін келіп түскен Комитеттің, Департаменттің басшылығының бұйрықтарын, нұсқауларын, ұйғарымдарын белгіленген тәртіпте және мерзімде орындалуын қамтамасыз ету.Кеден бекетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарастыру.Кеден бекетінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және өзге заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Өздігімен және Департаменттің уәкілетті бөлімшелерімен өзара әрекеттесіп, кедендік бақылаудың аймағының режимінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету.Қызметтік құжаттамалардың, мөрлердің, штамптардың, мөрлердің жеке нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және басқа да бірдейлендіру (идентификациялау) құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау.Комитеттің және Департаменттің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне есеп жүргізу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді жолдау.Кеден бекетінің жұмысының жоспарларын жасауға қатысады және орындалуын қамтамасыз ету.Қызметтік міндеттерді орындауда алынған шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты қорғау, мәліметтерді сақтау және жария етпеу бойынша барлық талаптарды орындау.Өз құзіреті шегінде кеден бекетінің басшылығымен жүктелген  басқа міндеттерді орындау.Қазақстан Республикасы және Кеден одағының заңнамаларына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарының негізгі кедендік рәсімделуіне бақылау жасау.Кеден бекеітінің жеке құрамының тәртібіне жауапты.

            Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).

 

5. Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары  (С-R-2, 1 бірлік).

         Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшілік ететін салық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және жалпы басшылық жасау, қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, салық төлеушілер есебінің уақтылы және толық жүргізілуі бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және алымдар мен төлемдердің түсім жоспарын қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардан орталықтандырылған түрде келіп түскен тапсырмалар мен міндеттерінің толықтай орындалуын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерінің арасында салық салу сұрақтары бойынша тақырыптық оқу сабақтарын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесі болуы және т.б. Ұжымда жұмыс жасай білу, бірыңғай корпоративтік рухты құру қабілеттілігі, үйірімділік, орындаушылық,  жеделдік және талапкершілік қабілеттерге ие болу. Жоғары моральды, этикалық және іскерлік сапасы болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

6. Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:  Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында оған кіретін бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылықты жүзеге асыру және олардың орындалуына жауап береді; Бөлімге кіретін қызметкерлердің функционалдық міндеттерін анықтайды, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, олардың өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді;Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің бұйрықтары мен тапсырмаларының, бөлімнің орындалуындағы бақылау және өзге де құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; ЕХД РВУ АЖ-де "қалалық әкімшінің" рөлін жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді; Бөлімге қойылған міндеттерді шешуге жәрдемдесу үшін Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығына жүгінеді; Өз құзыреті шегінде салық заңнамасы бойынша түсіндірулерді жүзеге асырады және салықтық міндеттемелердің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктемелер береді;Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындайды, Салық департаментінің және басқарманың басқа басқармаларымен жұмысты үйлестіреді; Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінде Бөлімді ұсынады; Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша техникалық оқу және семинарлар,кеңестер өткізу жолымен бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттырады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жіберу және дербес жауапты болады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн

мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде                   Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 4 қабат, кіші залында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.